Новости на Newstaraz.

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда жалпы есепте көш бастады (видео)

newstaraz.kz

Димаш Құдайберген үшінші кезеңде. Фото: Алпамыс Шәрімовтің Instagram парақшасынан алынды

Қытайда өтіп жатқан халықаралық «I am singer» байқауының үшінші кезеңінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген үшінші орын иеленді, ал жалпы есепте ұпай санымен бірінші орынға шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды жалпы есепте 1 орын!

Сонымен, үшінші байқау күнінің қортындысы:

Майкл Вонг (46 жас. Малайзия) — екінші байқау күні бойынша жарыстан тыс қалды.

Тиа Рэй (32 жас. Қытай) — 8 орын. Жалпы есеп бойынша байқаудан тыс қалды.

Тереза Карпио (61 жас. Канада) — 7 орын. Жалпы есепте 7 орын.

Чжао Ли (31 жас. Қытай) жаңа әнші — 2 орын. Жалпы есепте 6 орын.

Похожие статьи

Чжан Цзе (35 жас. Қытай) жаңа әнші — 4 орын. Жалпы есепте 5 орын.

Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг) — 6 орын. Жалпы есепте 4 орын.

Тан Цзин (40 жас. Қытай) — 1 орын. Жалпы есепте 2 орын.

«Lion» тобы (Тайвань) — 5 орын. Жалпы есепте 3 орын.

Димаш Құдайберген (22 жас. Қазақстан) — 3 орын. Жалпы есепте 1 орын.

Келесі аптада 7 әнші өнер көрсетеді. Бір әнші байқаудан тыс қалады», — деп хабардар етті ол.

Айта кетейік, Димаш үшінші кезеңде Queen тобының «The Show Must Go On» әнін орындады.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан халықаралық байқаудың екі кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Ал төртінші кезеңде Димаш Құдайберген Уитни Хьюстонның әнін орындамақ.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »