Новости на Newstaraz.

Діни басқарма қызметкерлері арасынан «порножұлдыздар» шыға бастапты (ВИДЕО)

newstaraz.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының дінтанушыларының бірі интимдік жақындастық жасап, Қазнет жұлдызы болса, енді бірі «секс» туралы әңгіме айтамын деп желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Похожие статьи

Дидар Аяпов есіміді Facebook қолданушысы масқара мәліметпен бөлісті. Онда дінтанушы деп көрсетілген азаматтың тараздық жесір әйелмен желідегі әңгімесі жария етілген.

«Екі мүфтидің Ратбек пен Әбсаттардың «советнигі» болған дінтанушы, порнозвезда Абдулла Бакадыр. Азғындық деп осыны айт!» делінген жазумен Дидар Аяпов жаға ұстатарлық видео жария етті .Онда дінтанушы деп таныстырылған азаматтың жесір әйелмен болған арадағы әңгімесі алдымен таныстықтан басталады. Келіншек дінтанушыдан рухани ілім алу үшін көмек сұрайды. Ал өз кезегінде ер кісі жеңіл жүріске салынбас үшін ара-тұра еркекпен кездесу зинаға жатпайтынын жеткізген. Ең сорақысы, жесір әйелді кездесуге шақырған ол «секстің» қандай түрін ұнатанын айтып, тіпті жыныс мүшесінің фотосын да жолдайды. Сонымен қатар бірнеше аудиохабарламаны да тыңдауға болады. Ең қызығы өзін жесір әйел деп таныстырған келіншек пен дінтанушы ақыры кездесуге бел буады. Бірақ келіншек райынан қайтып қалады. «Сонда сіз басына қайғы түскен әпке-сіңлілерімізді осылай тәніңіздің қалауына пайдаланасыз ба? Сіз Ислам дінін, Алла тағаланың әмірінің бәрін жоққа шығарып, екі минуттық ләззатқа бола тәніңіздің рахаты үшін мынандай іске барып тұрсыз» деп кездесуге келген дінтанушыны жесір келіншек телефон арқылы орнына қояды. Бір ескере кететін жайт, желі арқылы әйелмен сөйлескен адам танымал дінтанушының өзі ме, жоқ па ол жағы белгісіз. Бірақ жарияланған видео соңында кездесуге келіп тұрған Абдулла Баhадырды анық байқауға болады.

Бұл видео желіде қызу талқыланып жатыр. Ашуға булыққан желідегілер «Бұдан кейін Қазақстан Діни басқармасына қалай сенеміз? Толып жатқан былық…», «Масқара, мына кісінің есі дұрыс па? Аллам осындай алаяқтардан сақтасын», «Әй, не болса да «порножұлдыз» болатын болды…» деген сынды пікірлер жаудыруда.

Естеріңізге сала кетсек, елдегі діни қызметкерлердің мұндай анайы әрекеті алғаш рет орын алып тұрған жоқ. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Нұржан Тұрсынбайдың белгісіз бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түсіп жатқан сәтінің видеосы тарап кеткен болатын. Алайда отандық БАҚ-тардың біріне сұхбат берген Нұржан Тұрсынбай видеодағы ер азаматтың өзі еместігін мәлімдеген еді. Дегенмен бұл жағдайдан соң көп ұзамай орталық директоры қызметінен кетті.

Ескерту: Видеоны 18 жасқа толмағандарға көруге болмайды және онда анайы әңгімелер мен суреттер бар!

Видео желіден алынды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »