Новости на Newstaraz.

Душанбеде тұрғын үй құрылысының талаптары күшейді

newstaraz.kz

Душанбе билігі астанада тұрғын үй тұрғызатын құрылыс компанияларына қойылатын талаптарды күшейтті. Кейінгі жылдары астана аумағында құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

Душанбе әкімдігінің ережесімен, тұрғын құрылысын салуға жылдық айналымы 10 млн сомониден (1 млн доллардан астам) кем емес құрылыс компаниялары ғана тартылады. Бірнеше тұрғын үй құрылысын жүргізуге рұқсатты жылдық айналымы 50 млн сомониден асатын құрылыс компаниялары ғана алады.

Тәжікстан сәулетшілері одағының төрағасы Бахром Юсупов астана әкімдігін шешімін дұрыс деп есептейді. «Құрылыспен кім көрінген айналысып жүр. Олардың дені құрылыс басталмай жатып баспана алғысы келетіндерді жинай бастайды, ал нысандар сол күйі аяқталмай қалады», — дейді ол.

Кейінгі жылдары Тәжікстан астанасы мен басқа қалаларда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Билік қалалар мен аудандар көркейіп жатыр десе, тұрғындар жаңадан бой көтерген нысандардың сапасын жиі сынап жүр. Тәжікстанда 2 мыңнан аса құрылыс компаниясы мен мердігер жұмыс істейді.

Биыл 12 қаңтарда Душанбе қаласының төрағасы Рустам Эмомали құрылыс сапасы стандарттарға сай еместігін мәлімдеді.

Тәжікстан статистика жөніндегі агенттік мәліметінше, биыл елде тұрғын үй құрылысының қарқыны сәл бәсеңдеген. Былтыр республикада 1 млн. 430 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »