Душанбеде ТМД-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді
Душанбеде 13 мамырда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров сәрсенбі күні Душанбеге келді.
Бұл кеңеске Тәжікстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Ресей сыртқы істер министрлері және Өзбекстан мен Түркіменстанның СІМ басшысының орынбасарлары қатысады деп күтіледі.
Кеңеске қатысушылар халықаралық қауіпсіздік және гуманитарлық, ғылым саласындағы мәселелерді қаралмақ. Сонымен бірге Украина тақырыбы да талқыланады.
Бұдан бөлек Сергей Лавров бірқатар елдердің СІМ басшыларымен екіжақты кездесу өткізбек.
newstaraz.kz