Новости на Newstaraz.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында пойыздар 15 мамырдан бастап қатынайды

newstaraz.kz

15 мамырда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы теміржол қатынасы қайта жанданады. «Узбекистон темир йуллари» компаниясының баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.

«Қазақстан темір жолы» компаниясымен жасалған келісімге сәйкес, 15 мамырда №647 (648) «Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс» пойызы, ал 16 мамырда №1 (2) «Алматы – Ташкент – Алматы» («Тұлпар-Тальго») жүрдек пойызы жолға шығады. Ташкент пен Алматы арасында жүретін бұл пойыз аптасына үш рет қатынайды.

Бұның алдында «Алматы – Ташкент – Алматы» пойызы 2 мамырда, ал «Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс» пойызы 1 сәуірде жолға шығатыны хабарланған, алайда Қазақстан карантин шектеулеріне байланысты пойыз жүретін уақытта кейінге қалдырған.

Жолаушы пойыздарының халықаралық бағыттағы қозғалысы 2020 жылғы наурызда коронавирус індетіне байланысты тоқтаған.

Қазақстан 11 сәуірде Өзбекстанмен құрлықтағы шекарадан өтуге қатысты шектеулерін алып тастады. Дегенмен жолаушылар көрші елге кіру үшін ковид вакцинасын алғаны туралы куәлік немесе ПЦР зерттеуінің теріс нәтижесін көрсетуі тиіс.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »