Новости на Newstaraz.

Эль-Кувейт – Душанбе бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады

newstaraz.kz

Эль-Кувейт – Душанбе бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады

29 желтоқсаннан бастап Кувейттің Jazeera Airways әуе компаниясы Эль-Кувейт – Душанбе – Эль-Кувейт бағыты бойынша тұрақты рейс ашады. Бұл туралы Тәжікстанның Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзода хабарлады.

«Эль-Кувейт және Душанбе қалаларының ортасындағы рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері атқарылып тұрады. Билет бағасы екі тарапқа 510 доллар болады.

Бұл бағытқа кіші қажылыққа баруды қалайтын тәжік азаматтары арасында сұраныс көп болады деп ойлаймын. Бірақ негізгі мақсат – Кувейттен туристерді тарту», — деді елші.

Оның айтуынша, қазір Тәжікстан мен Кувейт виза мәселесі бойынша келісіп жатыр.

«Қазір тәжікстандықтар Кувейттің туристік визасын онлайн алса болады. Бірақ болашақта виза жеңілдетілген жағдайда Эль-Кувейт әуежайының өзінен тікелей алуға мүмкіндік болады», — деді елші.

Jazeera Airways – мемлекеттік емес төменгі бюджетті әуе компания. Ол негізінен Пәкістанға, Үндістанға, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Еуропа елдеріне рейстер атқарады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz