Новости на Newstaraz.

Елбасы Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті

newstaraz.kz

Кездесу барысында халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық барысы талқыланды.

 

 

Қазақстан Президенті В.Лоссерталеске алдағы іс-шараны ұйымдастыру мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сіздің келуіңіздің және жұмысымызға баға беруіңіздің біз үшін маңызы зор. Мен құрылыс пен дайындық барысын үнемі қадағалап отырмын, жұмыс кестесінен кешеуілдеу жоқ. Қазір көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан жабдықтау алдыңғы орынға шықты. Құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін бітіріп, тікелей «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындықты бастау міндеті қойылып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Похожие статьи

В.Лоссерталес дайындық жұмыстары барысымен танысып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің халықаралық қатысушыларының жиналысына қатысына қатысу үшін келгенін айтты.

Құрылыс алаңын көргеннен кейінгі керемет әсерімді Сізге жеткізгеніме қуаныштымын.

Архитектуралық көзқарас тұрғысынан барлық ғимараттар үйлесімді, ал функционалдық тұрғыдан бәрі ойластырылған әрі ыңғайлы салынуда. Құрылыс кідіріссіз, тіпті кестеден оза жүргізіліп жатыр. Негізгі мазмұндық жабдықтау бағдарламасы өте салиқалы әрі айқын, енді павильондардың ішкі сапалық мазмұны оған жауапты компанияларға байланысты, – деді Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы.

Фото:www.akorda.kz

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »