Елімізде күн сайын 100 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан өткізеді. Ал ауылдағы әрбір бесінші отбасы үшін ұрып-соғу қалыпты жағдайға айналған. Мұндай статистиканы арнайы зерттеу жүргізген қоғам белсенділері келтіріп отыр. Ал дағдарыс орталығының мамандары қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектердің саны артып жатқанына алаңдаулы. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Анардың дағдарыс орталығын жағалап жүргеніне бірнеше айдың жүзі болыпты. Келіншектің айтуынша, сүйген жары күн сайын ұрып-соғудан бөлек, психологиялық тұрғыдан қысым көрсетіп келген. Соңғы рет, жолдасы алты баласымен далаға қаңғыртып жіберген. Сегіз жыл отасқан жолдасының мұндай әрекетіне шыдамаған ол, көмек іздеп орталыққа келіпті. АНАР,ҚАЛА ТҰРҒЫН: «Бәріне сен өзің кінәлісің деп мені ұрып соғатын. Не үшін екенін айтпайды. Бірақ басқа әйел аламын деп үйден қуып шықты. Ішіп келіп ұратын, бқлай істеемйсін деп айтып, кінәні маған тағатын». Оңалту орталығының мамандары түрлі қиындыққа тап болған қыз-келіншектер саны күн сайын артып келеді , дейді. Көмек іздеп келгендердің көбі ауылдан. Бәрінің проблемасы ортақ — жолдастары жұмыссыз, ішкілікке салынған. МАЛИКА ЖҮСІПОВА, ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бізге келетін әйелдер өте көп. Өйіткені барлығы жағдайы төмен отбасы, көбінесе 60-70 пайыз сондай болып келеді. Жұмысы жоқ ішкілікке салынған. Квартирада жүрген. Ер азаматтар болып шығып жатыр, сол себепті ұрыс керіс болады». Дәл осы мәселені, қыз-келіншектердің құқығын қорғайтын түрлі қоғамдық ұйымдар көтеріп келеді.Тіпті, соңғы статистика жаға ұстадады. Сандарға сенсек, қыз-келіншектердің 15 пайызы жыныстық зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай деп санаса, ауылдағы әрбір бесінші отбасы үшін ұрып-соғу әдетке айналған. РАУШАН СӘРСЕНБАЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Еліміздегі әрбір 5-ші қыз-келіншек оларға қарсы жасалған зорлықты қалыпты жағдайға теңейді. Ал 15 пайызы күйеулері ұру керек деп есептейді. Бұл — трагедия. Сондықтан әйелдердің білімін жетілдіріп, өз құқықтары жайлы көбірек ақапарат тарату керек!». Депутаттардың да айтары осы. Ер азаматтардың жұмыссыз болуы оларды түрлі әрекетке итермелейді, дейді. Солардың бірі жетпеген жетістіктері үшін өз әйелдерінен өш алу. ЗӘУРЕШ АМАНЖОЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Ер азаматтар тірлік істемей бар ауыртпалағын алады, ол дұрыс емес». Ал психологтар зорлық-зомбылықты қалпыты жағдайға теңеген қыз-келіншектерге қатысты мынадай фактілерді келтіруде. . СЕРІКГҮЛ САЛИ, ПСИХОЛОГ: «Ол әрине ашық түрде айтпайды мені бір таяқ жегізші деп, ол бейсанадағы сұраныс ол өзі саналы түрде бұл дұрыс емес-ау бұл қате-ау деп өзі саналы түрде түсініп тұрады.Бірақ бейсана өзі сұранып тұрады, ол сол таяқты жесе жақсы көреді-ау деп тұрады. Себебі жеген таяғы арқылы
мидан бөлінетін индорфин дозасын алады». Мамандардың дерегінше, ай сайын 100-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан өткізеді. Бұл тек тіркелгендері ғана. Ал жабулы қазан күйінде қалып жатқан оқиғаларда шек жоқ!
newstaraz.kz