Новости на Newstaraz.

Еліміздің айбынды әскеріміздің кең ауқымды «Бекіре-2018» акциясына қандай қатысы бар?

newstaraz.kz

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару  әрбір ел азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Алайда, Отанды қорғау дегеніміз — елімізге алакөз болған сыртқы агрессорлармен күрес деп қана түсіну дұрыс емес.

 

Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз. Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте, әскери қызметшілір өздерінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек, патриот жауынгерлер ретінде көрінеді.

Бүгінгі күні, жаһандағы құбылмалы және күрделі сыртқы саяси ахуал орнаған заманда еліміздің айбынды армиямыз кез-келген қауіптіліктерге де төтеп беруге әзір. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңында олардың басты мақсаттары ретінде агрессияға тойтарыс беруге, аумақтық тұтастықпен егемендiгiн қаруланып қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілердi күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстігін күзетуге, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресугеарналған деп жазылған. Алайда одан басқа, Қарулы Күштеріміздің Құрлық әскерлері Қазақстан Республикасы Президентiнің шешімдері негізінде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн, Республикамыздың демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнгенде, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылғанда қолданылуы мүмкiн деп айтылған.

Мемлекетіміздің заңнамаларына сәйкес, Құрлық әскерлерінің Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде де өзінің белгілі құзыреттілігі бар. Мәселен ол, әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, құрлықта, аумақтық суларда және ішкі суларда, сондай-ақ су астындағы ортада Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысады, Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты тосын оқиғаларды шешеді, теңіз дәліздері мен қозғалыстарды бөлу схемасын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді, Еліміздің заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартады, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді.

Еліміздің батыс аймағында бағалы балық қорын браконьерлерден қорғау мақсатында «Бекіре-2018» атты операция басталғанын ескере отыра, Құрлық әскерлері барлық құқық және мемлекеттік шекараны қорғау құрылымдарымен қатар, алдына қойылған кез-келген тапсырманы бұлжытпау орындауға әзір.

Тактико-специальные учения с разведывательными подразделениями проходят в региональном командовании «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
Похожие статьи
Тактико-специальные учения с разведывательными подразделениями проходят в региональном командовании «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
Тактико-специальные учения с разведывательными подразделениями проходят в региональном командовании «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

 

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығының

баспасөз қызметі

аға лейтенант Рустем  Игисинов

 

Байланыс: 87776411172

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »