ЕНДІ МҰҒАЛІМДЕР ҚОҚЫС ЖИНАП, ҚЫЗЫҚСЫЗ КОНЦЕРТТЕРГЕ БИЛЕТ АЛМАЙДЫ
Бұдан былай мұғалімдер көшеге шығып қоқыс жинап, пайдасы жоқ іс-шараларға баруға міндеттелмейді. Бұл талапты ескермей, ұстаздарды өзге жұмысқа жеккендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Педагогтардың мәртебесі қаралған Мәжіліс отырысында осындай деректер белгілі болды. Әр сенбіде қолына қап ұстап, қоқыс жинайтын, қызықсыз концерттерге билет алуға міндеттелетін мұғалімдерге тағы қандай жақсы жаңалық бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Ұстаздардың мәртебесі артып, жалақысысы жақсарады. Мәжілістің жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжат ұстаздардың әлеуметтік және кәсіби мәселелерін шешіп қана қоймай, оларды жөн-жосықсыз тексеруден де қорғайтын болады ӘБДІМАНАП БЕКТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Педагогтарға жүктемені азайтуға оларды көптеген тексерулерден, сондай-ақ оларға тән емес функциялардан қорғауға, жұмыс істеп жүрген педагогтар үшін ынталандыру шараларын белгілеуге, жастарды мамандыққа тартуға бағытталған». Енді ұғалімдердің нормативтік оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа төмендемек. Ал, халықаралық олимпиадалардың, байқаулардың жеңімпазын дайындаған ұстазға үш еңбекақы мөлшерінде бір жолғы сыйақы беріледі. ӘБДІМАНАП БЕКТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған педагогқа 1 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы төлем белгіленеді.
Қит етсе мұғалімдерді түрлі іс-шараларға, сенбілікке жегуге тыйым салынбақ. Ал бұған көнбей, тізеге басқандарға әкімшілік айыппұл салынады. БИБІГҮЛ АСЫЛОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сайлау өткізу шараларына қатысқан мұғалімдер жұмыстан босатылып, оларға сол үшін қосымша қаржы төленеді. Бұл қаржы орталық сайлау комиссиясы бюджетінен бөлінеді. Бірақ, сайлауды өткізу шарасына қатысу-қатыспау — әр мұғалімнің өз еркі». Айыппұл демекші, сыныпта оқушының көптігіне байланысты мектеп директорларына тықыр таяныпты. Мәселен, бір ғана Оралда шәкірттері аузы-мұрнына сыймаған 16 мектептің директорына 580 мың теңге айыппыұл салынбақ. Алайда, вице-министр бұған білім ордасы басшыларының еш кінәсі жоқ дейді. Жағдай бұлай жалғаса берсе Жоғарғы сотқа шығамыз деп отыр.
БИБІГҮЛ АСЫЛОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Меморандум директор школ не отвечает где учас, от него не идет. Мы будем обращатся в суд!». Елордада да осыған ұқсас жағдай. Мұндағы бірқатар мектеп 230 ың теңге көлемінде айыппқл төлеуі тиіс. Алайда, СЭС-тегілер айыппыұлды оқушының көптігі үшін салмадық дейді. Олар 37 мектепті тексеріп, оның 27-сінде санитарлық нормалардың сақталмағанын анықтапты. САРҚЫТ БЕЙСЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:» Ескерте кетейін, оқушылар саныны тым көптігі үшін біз айыппұл салмадық. Мұнда басқа санитарлық талаптар сақталмаған. Оның ішінде сыныптағы жарық, шаң, тазалық мәселесіне немқұрайлы қараған мектеп әкімшілігіне хаттама толтырылды». Ал Білім министрлігіндегілер мектептегі орын тапшылығы бір-екі жылда шешілетін мәселе емес дейді. Демографияның жақсаруы мен үлкен қалаларға жұртың көптеп ағылуы осындай жағдайға алып клепітьі. Ал, мұны тиянықты шешу үшін жүйелі жоспарлар қабылданып жатыр екен.
newstaraz.kz