Новости на Newstaraz.

МИЛЛИАРДТАР ҚАЙДА КЕТТІ?

newstaraz.kz

540 миллиард теңге. Жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге аударылған қаражаттың көлемі осындай. Шығыстың сомасы белгілі, ал кірістің көлемі екі есеге азайып кеткен. Халықаралық қаржы аударымдарының жүйесі арқылы белгілі болып отырған ақпараттың анығы осы. Миллиардтаған ақшаны кім және не үшін шетелге асырды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Иә, 540 миллиард теңге деген аз сома емес. Долларға аударғанның өзінде бір миллиардтан асып жығылады. Сонымен, ГРАФИКА1: «Халықаралық қаржы аударымдары жүйесі арқылы 2019 жылдың 10 айы ішінде қазақстандықтар шетелге 540 млрд тг аударған. Елге келген қаражаттың көлемі екі есе аз. 290,2 млрд тг құрады. Аударымдар бойынша бірінші орында Ресей федерациясы тұр. Мұнда ел азаматтары 171,9 млрд тг жіберген. Екінші орында Өзбекстан 119,6 млрд тг. Үшінші орында Түркия мемлекеті тұр, 75,5 млрд тг». Экономист Азамат Дүйсенбаев бұл қаражаттар экономикалық айналымдағы қалыпты процесс дейді. Яғни, сатылатын, алынатын тауар төлемінің бір көрсеткіші. АЗАМАТ ДҮЙСЕНБАЕВ, ЭКОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: «Өзбекстаннан бізге келетін импорт тауарлар, яғни, жеміс-жидектер үлкен сезондық кезеңде, біз сондай өзімізде тапшы болып табылатын, қымбат болып табылатын тауарларды көбінесе Өзбекстаннан тасимыз. Ақша төлемі жүргізілгендіктен бюджеттеріне аударым ретінде кетіп жатыр. + Ресей мемлекетіне келер болсақ, бұл да қалыпты процесс. Біздің экономикалық алыптарымыз тау-кен, металлургия саласындағы үлкен компанияларымыз, мемлекеттік мекемелеріміз, монополисттеріміз өзінің полуфабрикаттарын, қажетті шикізаттарын Ресей мемлекетінен, зауыттарынан алады». Бұдан бөлек көрші мемлекеттермен бірлескен кәсіпорындар бар. Олардың табысының бір не бірнеше бөлігі де шекара асып жатқанын ескеруіміз қажет. Ал елге жеткен ақшаның көлемі қандай?

«Шетелден келген қаражаттардың дені Қазақстанға Ресейден аударылған. Нақты сома 112,5 млрд тг. Екінші орында 54,5 млрд тг қаражат жіберген Корея мемлекеті тұр. Үшінші және төртінші орындарда Өзбекстан (25,4 млрд тг) және Қырғыз республикасы (24 млрд тг) орналасқан». Экономист Мадияр Кенжеболат басқасын былай қойғанда Кореядан кім ақша аударуы мүмкін деген сұраққа былай жауап берді.

МАДИЯР КЕНЖЕБОЛАТ, ЭКОНОМИСТ «Ақша келуден екінші орынға Ресейден кейін Корея шықты. Бұл негізінен Кореяға көптеген еңбек мигранттары Кореяға кетуде. Солардың ақшалары ғой келіп жатқан. Бизнеспен емес, еңбек мигранттарының ақшалары». Қазақстанның жалпы ішкі өнімі шамамен 170 миллиард долларды құрайды десек, жоғарыда айтқан 540 миллирд теңге, долларға шаққанда 1 миллиард доллардан астам қаражат бір пайызына да жетпейді. Яғни, ақшаның барыс-келісі экономика тілін түсінікті етіп жеткізсек қалыпты жағдай. Жыл өткен сайын ақша аударымы, сауда-саттық, күнделікті төлемдер электронды форматқа көшуде. Әлі де бұл бағытта жұмыстар жасалады. Мамандар бұл үрдістің қолма қол төлемді айналымнан шығарып тастағаны абзал дейді. МАДИЯР КЕНЖЕБОЛАТ, ЭКОНОМИСТ «Көлеңкелі экономикадан, коррупциядан осы мәселелерді алдын алу жағынан қолма қол ақшадан бас тартуымыз, орысша айтқанда «безналичный расчетқа» өтуіміз біз үшін тиімді экономикамыз үшін». Классика. Бұл ұғымның аясы кең ғой шіркін! Әуел баста миллиардаған соманы шетелге шенеуніктер шығарып алған болар деп ойлап қалған шығарсыз. Жооқ. Экономист мамандар олардың миллиардары мына Кипр, Сейшель немесе Бермуд аралдарындағы оффшорларда жатқан болар деп болжайды. Ол енді өз алдына бөлек оқиға.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »