Новости на Newstaraz.

Ерболат Досаев өзі министр болған кезде ВИЧ жұқтырған сәбилердің халін мүлде сұрамаған (видео)

newstaraz.kz

Ерболат Досаев. Фото: ortcom.kz

Шымкенттіктердің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевқа өкпесі қара қазандай. «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қорының президенті Жанетта Жазықбаева Досаевқа мырзаға видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды NUR.KZ -тің өңірдегі тілшісі.

Жанетта Жазықбаева басшылық ететін қордың өз орталығы да бар. Онда ВИЧ-ке шалдыққандарға дерттері туралы естіртіп, моральдық жəне психологиялық қолдау көрсетеді. Күні бүгінге дейін орталықта 15 жасқа дейінгі 85 баланың статусы ашылған. Оның 59-ы тек биыл ғана өз дерттері туралы хабардар болған. 2017 жылы тағы 150 балаға дерттері туралы естірту жоспарланып отыр.

«Балаларды СПИД-тен қорғайық» қорының президенті Жазықбаева ханым өз үндеуінде Ерболат Досаевқа індетке шалдыққан балалардың жағдайына көңіл бөлуді сұраған.

Похожие статьи

Айта кетерлігі, Шымкентте ВИЧ індетіне қатысты шу шыққан соң бірқатар ақ халаттылар жауапқа тартылып, сол кездегі еліміздің бас дəрігері қызметінен кетті. Өкініштісі сол, одан бері бірнеше жыл өткенімен, індеттің тарауына кінəлі деп танылған ақ халаттылардың ешбірі дертке шалдыққандардың бүгінгі ахуалына еш қызықпаған.

Тіпті сол кездегі Денсаулық сақтау министрі, бүгінде «Бəйтерек» ұлттық қорының басшысы болып отырған Ерболат Досаев та балалардың жағдайын сұрамапты. Жақында əлеуметтік желі арқылы Досаев мырзаға еліміз бойынша ВИЧ-ке шалдыққан балаларды арнап қор құру туралы ұсыныс тасталды. Əзірге бұрынғы министр ресми бұл ұсынысқа жауап қатқан жоқ.

Естеріңізге салсақ, Ерболат Досаев 2004 жылы Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған. Арада көп уақыт өтпей Шымкентте ВИЧ індеті асқынды.

 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »