Новости на Newstaraz.

Есімов ЭКСПО-ға бөлінген қаржының үнемделгенін айтып, сүйінші сұрады

newstaraz.kz

ЭКСОПО

ЭКСПО құрылысына бөлінген қаражаттың 302 миллиард теңгесі үнемделді. Бұл туралы «Астана-ЭКСПО» көрмесінің басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

Кеше бір топ мәжілісмен жаңа қалашықтағы құрылысты бақылап, сатылымға шыққан көрме билеттерін де сатып алды. Депутаттардың құрылыс жұмыстарына көңілдері толды ма?

Белгілінген уақыттан ерте келіп, кассаға ентелеген мәжілісмендер ЭКСПО көрмесінің билеттерін қос-қостан алып жатыр. Айтулы шараға әлі үш ай бар болса да, күні бұрын қамданған депутаттар билет алып ғана қоймай, халықаралық көрме орталығының жай-күйімен танысты.

«Қоғамда көп сын айтып отыр осы ЭКСПОға байланысты. Әсіресе, құрылыс жұмыстарына қарай, көпір құлады ма, тағы бірдеңе деп. Мен енді осы жолы сол күмәнданып келуші едім. Ал қазір қарасам, шынын айтсам, көңілімнен шықты барлығы» — дейді  мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Похожие статьи

Бөлінген бюджетті қайта саралаған «ЭКСПО» басшылығы әр ғимараттың құрылысын барынша тиімді салуға тырысқанын алға тартты. Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің айтуынша, тиімді жұмыстың арқасында құрылысқа бөлінген жалпы қаражаттан 302 миллиард теңге үмемделген.

«Жалпы еліміз бойынша отандық тауарларды пайдалану үшін өнеркәсіптердің жұмысын жандандырдық. Бір жағынан жаңа жұмыс орындары ашылса, екінші жағынан бізге де ақша үнемдеуге мүмкіндік туды. Жалпы мемлекет көлемінде 50 мың адамды жаңа жұмыс орнымен қамтыдық», — дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов.

Басқарма төрағасының айтуынша қазір EXPO қалашығында 16 ғимарат арнайы сараптамадан өтіп, қолданысқа берілген. Бүгінде сол павильондардан 90 елдің өкілдеріне аймақ бөлініп, безендіру жұмыстары басталып кетіпті.

Жалпы құрылыстың негізгі бөлігі аяқталғанымен, үлкен конференц зал мен өзге павильондарда жұмыстар әлі жүріп жатыр. Шатыры құлаған ғимараттың төбесі де жақын уақытта дайын болмақ.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »