Новости на Newstaraz.

Есінен танған әкесін ауруханаға өзі әкелген жеті жасар қыз дәрігерлерді таңғалдырды

Көрнекі фото: unian.net

Нью-Йоркте апиын көкнәрін шамадан тыс көп қабылдап қойған ер адам көлік тізгінінде отырып есін жоғалтқан. Ал әкесінің өмірін жеті жасар қызы құтқарып қалды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Белгілі болғандай рөлдегі әкесінің есінен танғанын көрген қыз бала бірден көлік тізгінін өз қолына алып, екі адамның өмірін сақтап қалған.

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен кішкентай жүргізушіні жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері тоқтатқан.

Дәрігерлер әкесінің тізесінде отырып, көлік тізгіндеген қызды көргенде, таңдасын жасыра алмағанын айтуда.

Балақайдың 37 жастағы әкесі дереу ауруханаға жеткізілді. Полиция есін жиған ер адамды қызының өмірін қатерге тігіп, бассыз әрекетке барды деп айыптауда.

Балақайдың өзі болса еш зардап шекпеген.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »