Новости на Newstaraz.

Есірткі затын автокөлігімен тасымалдаған азамат 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

newstaraz.kz

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі тасымалдаған азаматқа қатысты үкім кесті. 48 жастағы ер адам есірткі затын өткізумен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.

Тәртіп сақшылары Шымкент қаласы Алматы тас жолы бойында күдік келтірген «Lada Granta» маркалы автокөлік жүргізушісін тоқтатады. Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, полицейлер автокөліктің артқы жолаушылар орындығынан екі дана түссіз полиэтилен қапшығына қапталып оралған жасыл түсті есірткіге ұқсас өсімдік массасын тауып, тәркілеп алған.

Сараптама нәтижесі бойынша, алынған зат жалпы салмағы 1 кг, 982 граммды құрайтын кептірілген «марихуанна» есірткі заты болып шықты.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған азамат аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз алып, сақтап және тасымалдап жүргені үшін кінәлі деп танылды. Оның ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны дәлелденіп, 3(үш) жыл 6(алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Есірткі тасымалдаумен айналысқан азамат бұрын-соңды сотты болмаған.

Сотта айыпталушы азамат өзінің кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкінетінін жеткізді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »