Новости на Newstaraz.

Ферғана билігі арықтаған тұрғындарға ақша төлейді

newstaraz.kz

Өзбекстанда Ферғана облысының басшысы Хайрулла Бозоров халық депутаттары облыстық кеңесінің сессиясында аймақ тұрғындарын арықтату жөнінде тәжірибе басталғанын айтты.

Хоким Бозоров әлемдегі аурулардың 50-55 пайызы өмір салтының нашарлығынан, артық салмақтан, дұрыс тамақтанбаудан, аз қозғалудан болатынын айтып өтті.

«Өзбекстанда мұндай көрсеткіш 80 пайыз болатын шығар. Адамдар салауатты өмір салтын ұстанбайды, сол себепті көп аурады. 30 мың адам дұрыс тамақтанбағандықтан диабетпен ауырған», — дейді Бозоров.

Облыс басшысының мәлімдеуінше, салмақты тұрғындар бір жыл ішінде 5 келіден астам салмақ тастаса, оларға әр келі үшін 500 мың сумнан ($46) беріледі.

Салмақты тұрғындар арнайы бағдарламаға тіркелуі тиіс.

«Күлкілі естілуі мүмкін, бірақ басқа амал жоқ. Бұны Ферғана тәжірибесі деп біліңіз. Бес келі салмақ тастағандарға 2,5 млн сумнан береміз. 10 келіге артықтағандар 5 млн сум ($460) алады», – деп мәлімдеді хоким.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »