Новости на Newstaraz.

Франция қазақтары Моңғолия қазақтарына көмек берді

newstaraz.kz

Қақаған аязда қиналған Баян-Өлгийдегі қазақ отбасыларына Франция қазақтары көмір түсіріп беріп, киім-кешек таратты. Көмек алған отбасылар әлеуметтік желіде алғыс жаудырып жатыр.

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында шамамен 100 мыңға жуық қазақ отбасы тұрады. Қаңтар айының ортасында қыстың қатты болып жатқанын естіген Франциядағы қазақ қоғамы (AKFT) моңғолиялық қазақ отбасыларына көмір мен өзге де қажетті заттар алуы үшін ақша жинап беріпті.

— Шамамен 40 тоннадай көмір алдық. Одан бөлек отын, киім-кешек, оқушы балаларға дәптер, қалам, қағаз-қарындаш алдырдық. Көмірі жоқ отбасыларға машинамен түсіріп бердік. Көмір алмағандар отын, киім-кешек сияқты заттар алды. Мұнда кедей отбасылар көп, — дейді Баян-Өлгий тұрғыны Дәкей Бықиұлы.

Похожие статьи

Оның айтуынша, биыл қыс қатты болғандықтан аймақтағы көп отбасы көмір түсіретін ақшалары болмай, қиналып қалған. Франция қазақтары жіберген көмек қыстың көзі қырауда сәл де болса демеу болған.

Франциядағы қазақтар қоғамының дерегінше, қазір Францияда 250-дей қазақ отбасы тұрады. Олардың 175-і қоғамға мүше. Парижден алыстау жерлерде тұратындары қоғамға әлі тіркелмеген.

Биыл Моңғолиямен қатар Қазақстанда да қаңтар айында күн қатты суып, шыңылтыр аяз кезінде бірнеше қалада мектептер жабылып, көмір мен газ тапшылығы байқалған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »