Новости на Newstaraz.

Германия соты олигарх Османовтың яхтасы мен вилласын тінту заңсыз деп тапты

newstaraz.kz

Майндағы Франкфурт соты қалалық прокуратураның Ресей олигархы Әлішер Османовтың яхтасын мен вилласын қылмыспен келген ақшаны заңдастыруға қатысты іс аясында тінту туралы шешімін заңға қайшы деп тапты.

Дегенмен Османовқа қатысты қабылданған басқа да қаулылар күшін жоғалтпайды. Олигарх салықтан жалтарды, санкцияларды бұзды деген де күдікке іліккен.

2022 жылғы қыркүйекте Федералдық қылмыстық мекеме мен салық қызметі Османовтың Тегернзе көліндегі вилласын, Майндағы Франкфурттегі пәтерін және Бремен портындағы «Ділбар» яхтасын тінтіген. Құжаттар мен бағалы өнер бұйымдары тәркіленген. Der Spiegel басылымының мәліметінше, Майндағы Франкфуртта соттың екінші инстанциясы тінтуді заңға қайшы деп тапқан.

Федералдық қылмыстық мекеменің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері тексеру барысында түрлі банктерден қылмыспен тапқан ақшаны заңдастыруға қатысы болуы мүмін шамамен 90 операция туралы мәлімет алған. Тергеушілер Османов есептерінен күдікті операциялар жасалғанын анықтаған.

Алайда істі қараған сот тінтулерге толық негіз болмады деп тапқан. Судьялардың пікірінше, тергеушілер Османов неге күдікке ілінгенін жеткілікті негіздей алмаған. Мұндай шешім қабылдауға салықтағы олқылықтар жеткіліксіз деп мәлімдеген сот өкілдері.

Бұған қоса, сот тергеушілердің Алексей Навальный жақтастары YouTube платформасына жариялаған видеоға да сүйенгенін сынаған.

Османовтың адвокаттары тағылған айыптардың бәріне арызданып, сот шешімі істің әділ қаралатынына күмән азайды деп мәлімдеген.

Дегенмен ресейлік кәсіпкерге қатысты тергеу тоқтаған жоқ. Жақында Мюнхендегі соттың екінші инстанциясы Османов адвокаттарының тінтуге қарсы апелляциялық шағымын қабылдамаған. Сол себепті 69 жастағы кәсіпкердің тәркіленген заттары мен құжаттары қайтарылмайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »