Новости на Newstaraz.

Германияда 70 кәсіп бойынша 1,2 миллион маман жетіспейді

newstaraz.kz

Германияда 70 кәсіп бойынша 1,2 миллион маман жетіспейді

Германия еңбек агенттігі 70 мамандық бойынша 1,2 миллион маман жетіспейтінін ескертеді. Бұл туралы «Неміс толқыны» хабарлады.

«Қазір барлық салада маман мен тағылымгерге мұқтаж компаниялар саны артып келеді. Бұл орта бизнестің бәсеке қабілетіне, демек тұтас Германияға қауіп төндіреді» деді Германия шағын және орта кәсіпорындар бірлестігінің (BVMW) атқарушы директоры Маркус Йергер 23 қыркүйек күні жарық көрген сұхбатта.

Йергердің сөзінше, білікті мамандардың жетіспеуінен көптеген кәсіпорын тапсырыстарынан бас тартып жатыр. Кәсіби білімі бар адамдарға сүйенетін мекемелердің жағдайы одан да ауыр.

«Германияда 390 кәсіп бойынша білім береді, соның барлығында дерлік жаңа студент жетіспейді» дейді ол.

Бірлестік маман тапшылығын білікті еңбек мигранттарын алдыру арқылы шешуге шақырды.

Еңбек жөніндегі федералдық агенттік 70 кәсіп бойынша маман жетпей жатқанын айтады.

«Жалпы алғанда 1,2 миллион жұмысшы қажет болса, соның үштен екісі – мамандар» деді агенттік басшысы Детлеф Шел Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында.

Германия Экономика институтының кейінгі дерегіне қарағанда, тапшылық әсіресе әлеуметтік педагогтар, қарттар мен науқастарды күтушілер арсында қаттырақ байқалған. Сондай-ақ инженер-құрылысшы, сантехника мамандары мен жүк көлігі жүргізушілері де қажет болып тұр.

2012 жылы тамызда Еуроодақтан тыс елдерден білікті мамандарды алдыру үшін «Көк картаны» (Blue Card) енгізген. Бірақ бұл бағдарлама нәтиже бере қоймады.

Сарапшылар мұны Германияның еңбек мигранттары арасында танымал болмауымен байланыстырады. Бірақ кейінгі жылдары Германия шетелдік жұмысшыларға қойылатын талапты едәуір жеңілдеткен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »