Новости на Newstaraz.

Хабарландыру арқылы жар іздеген жігітке жүздеген қыздар ұсыныс айтуда

newstaraz.kz

Фото: zamana.kz

Хабарландыру арқылы жар іздеген жігітке жүздеген қыздар ұсыныс айтуда деп хабарлайды Замана басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Алматы жақтағы Қаскелең ауылында тұратын Асқар есімді жігіт «Ата-анама келін іздеймін. Өзіме адал жар болатын қыздар болса, хабарласыңыздар!» деген мәтінмен қала көшелеріне жарнама іліп қойған.

«Мен бұрын үйленген адаммын. Осыдан 5 жыл бұрын бір сүйкімді қызбен отбасын құрғанбыз. Алғашында түсі­ністікпен өмір сүрдік. Әке-шешем де: «Келініміз жақсы, адал, ақкөңіл екен» деп үнемі мақтауын асырып отыратын. Осыған мен де қатты қуанатын едім.

Похожие статьи

Бірақ, бір ұл туғаннан кейін келіншегімнің мінезі өзгере бастады. Ата-анамды сыйламайтын, оларға сөз қайтаратын болды, тамақты бергісі келсе береді, бергісі келмесе бермей-ақ қоя салады. Мұның дұрыс болмайтынын оған жай айтып та, қатты айтып  та түсіндіре алмадым.

Ажырасуды ұйғардым. Осыны айтқанымда келін­шегім селт еткен жоқ, қайта осыны күткендей маған ала көзімен бір қарады да: «Ажырассақ, ажырасайық», –  деді. Ал ата-анам үн-түнсіз орындарынан тұрып, сыртқа шығып кетті.

Әке-шешем кейін бізді татуластырмақ болып әбден әрекеттенді, бірақ екеуміз де илікпедік. Ақыры сот ар­қылы ажырасып тындық. Жалпы, мен бұрынғы әйелімді біржақты кінәламаймын. Кінә өзімнен де бар шығар, білмедім. 5 жастағы ұлым анасымен бірге, оларға көмегімді беріп тұрамын», — дейді Асқар.

«Менің жасым қазір 38-де. Отбасын құрғым келеді. Сол үшін ата-анама жақсы келін, өзіме адал жар іздеудемін. Интернет арқылы іздегенімнен нәтиже шықпады. Содан осылай, мақсатымды аялдамаларға жарнама етіп жазып жапсырып қойдым. 6 күн ішінде маған 100-ден астам қыз-келіншектер хабарласты. Көбі ойнап, мазақтап хабарласады. Шын ниетімен хабарласып жат­қандар да бар. Енді… мұнымнан не шығарын болашақта көре жатармыз. Ең бастысы, маған адал жар керек. Тұрақты жұмысым, тұратын үйім бар, бір отбасын баға аламын. Болашақ жарым тәрбиелі жердің қызы болса екен деймін. Адал жар жолықса, өмір бойы аялап өтер едім», — деп ағынан жарылды ол.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »