Новости на Newstaraz.

Хакерлер «Тақтар ойыны» сериалының соңғы бөлімін жариялап жіберген

newstaraz.kz

«Тақтар ойыны» телехикаясының кейіпкерлері. Фото: 24.kz

Mr.Smith деген лақап атты бүркенген белгісіз хакерлер аталмыш телесериалдың жетінші маусымның соңғы бөлімінің мазмұнын әлеуметтік желі беттеріне салған деп хабарлайды 24.kz.

Белгілі болғандай, «Тақтар ойыны» телехикаясының жарияланған сюжеттер желісі тек соңғы бөлімін ғана емес, ағымдағы маусымның барлық қалған серияларын да қамтиды.

Похожие статьи

Сондай-ақ олар жоба қатысушылары қол қойған келісімшарттарды да жариялады. Бұл маусымның «Аждаһар мен қасқыр» атты соңғы сериясы НВО телеарнасында 27 тамызда көрсетіледі. Бұған дейін, яғни 1 тамыз күні дәл осындай жағдай орын алған болатын.

Онда белгісіз хакерлер америкалық НВО телеарнасының компьютер жүйесіндегі «Тақтар ойыны» телесериалының алдағы бөлімдері туралы ақпаратты ұрлап, бірнеше сериясының сюжетін жариялаған.

Айта кетейік, «Тақтар ойыны» – жазушы Джордж Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдар желісі бойынша түсірілген фэнтези жанрындағы америкалық драмалық телесериал. Алғашқы маусымының тұсаукесері HBO арнасында 2011 жылы 17 сәуірде өтті және ол америкалық телевизияда бүгінде ең құнды жобалардың бірі болып саналды.

Ал телехикаяның жетінші маусымы ағымдағы жылдың 16 шілдесінде көрермендерге жол тартты.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »