Новости на Newstaraz.

Харьковта тағы бір тәжік азаматы қаза тапты

newstaraz.kz

Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласында зымыран атқылаған кезде 38 жастағы тәжік азаматы Измиддин Зайниддинов қаза тапқан. Оның денесі бұзылған кафе ғимаратынан табылған.

Туыстары оны 23 маусымда туған жерінде жерледі.

Чугуев қаласы Харьковтан 39 шақырым қашықтықта Солтүстік Донец өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Измиддин Зайниддинов екі жыл бұрын Украинаға жұмыс істеуге кеткен екен. Сол жақта кафелердің бірінде жұмыс істеген. Артында әйелі мен екі баласы қалған.

Ресей ақпан айында Украинаға шабуыл бастағаннан бері Харьков облысын зымырандармен үнемі атқылап келеді.

Украинада соғыс басталғанға дейін бес мың тәжік азаматы тұрған. Олардың дені қазір отанына немесе басқа елге кеткен.

Бүгінгі күнге дейін ресми мәлімет бойынша, Украинада 20 тәжік азаматы қайтыс болды. Олардың дені Ресей азаматтығын алып, орыс армиясының қатарында болғандар.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »