Новости на Newstaraz.

ХИТ ӘНДЕРДІҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

newstaraz.kz

Қазақстандық әншілер «тойский» туындыларға әуес! Танымал композитор Лұқпан Жолдасов осылай деді. Оның сөзінше, қазіргі өнер «жұлдыздары» көрермендерін сыйламайды. Тіпті халық асыға күткен концерттерге кешігіп келіп, асығып кететіндері де баршылық дейді. Жас буынның осындай әрекетіне қарны ашып, көңілі қалған ардагер музыкант тыңдармандардың да талғамы төмен екенін айтып қалды. Сонымен біз хит деп жүрген әндер қайсы? Олардың құны қанша? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар». Иә, кең даланы ен жайлаған қазақ ән қадірін бұрыннан білген. Ал, мына заман сахнасында есті ән мен есер әннің шайқасы жүріп жатқандай. Екеуінің де тыңдарманы бар. Талғамға талас жоқ.

Тыңдаушының өресінің өзгергені әншісмықтардың қолайына жағып-ақ тұр. Заманды тазы боп шалған олар қуланып алған. Өміршең әндер емес, той-томалақта секеңдеп билеуге ыңғайлысын жаздыруға бейім. Ол ән естіген жанның құлағынан кіріп, өне бойын шымырлата ма, оған бас қатырмайды. Оранжировкасы мықты болса жетіп жатыр. Мәтіні жайлы айтпасақ та болады…

ЛҰҚПАН ЖОЛДАСОВ, КОМПОЗИТОР:
«Кенталдың құдағиын ала қояйық. Қарап тұрсаң, оранжировка ұрып тұр да, ол жерде ешқандай ән жоқ. Мағына жоқ, ән жоқ. Сұранысқа ие қарап отсаң».

Лұқпан аға хит әнді қаншаға жазатынын айтқан жоқ. Керісінше, өнерді саудаға салатындарға кейіді.
Ал, өзінің біраз әні шетел асып кетіпті.

ЛҰҚПАН ЖОЛДАСОВ, КОМПОЗИТОР:
«Бір әнімді осыдан 2 жыл бұрын ба еді, 3 жыл бұрын иа, Сильве Окопян деген Арменияның бір әдемі әншісі бар».

Бұрынғы әншілер ән іздейтін еді. Қазіргі әншілер тойға ән іздейді. Кейбір әншілер келеді. Әншісымақтар. Тойға ән іздейді. Тойский ән бар ма дейді. Сондай боп қалдық… деп жылап жіберейін бе?

Жылайтындай бар. Ән хит болуы үшін оған сөз жазудың тіптен қажеті жоқ екен. Мәтін неғұрлым мағынасыз болса, әннің хит болу мүмкіндігі соғұрлым арта түседі.

БАҚДӘУЛЕТ АРЫСТАН, АҚЫН:
«Көп хит әндердің бәрі негізі менің алдымнан өткен. «Опмай-Омпай» болсын, мысалы «опмай-опмай» маған келген кезде мен айттым, мынаған сөз жазбаймын дедім. Неге дейді?. Сендер мынаған сөз жазсаңдар хит болмайды. Сөз жазбасаңдар хит болад дедім. Сөз жазбады хит болды. Хит көрініп тұрады, білініп тұрады, байқалып тұрады».

Қайрат бұл хит әннің сөзін 100 мың теңгеге бағалапты. Ақынның айтуынша, әннің мәтініне қатып қалған баға жоқ. Ол жағын әншілердің жомарттығы шешеді екен.

БАҚДӘУЛЕТ АРЫСТАН, АҚЫН:
«Жас әншілер келеді. Айтам әдейі, не жазып берейін, хит жазып берейін бе сөз жазып берейін бе деп. Бәрі хит жазып беріңізші дейді. Әр әнші өзінің қолының ашықтығына байланысты қаламақы ретінде беріп кетеді. 100 мың біреу 50 мың біреу 30 мың береді. Әркімнің өзінің жомарттығы».

Әлем бэнд, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденовалармен шығармашылық байланыстағы Бауыржанның да біраз әні тойларды жарып жүр. Бірақ әндерінің санын айтқанымен, бағасын айтудан бас тартты.

БАУЫРЖАН БИМАХАН, КОМПОЗИТОР:
«Ел арасында тараған 100 әндей примерно бар. Әншілер айтып жүрген. Жалпы өзімнің айтқан әндерімді қосқанда. Оны мен әншіге ұсынған кезде өздері бағалап береді. Мынадай баға либо мынадай баға деп айтпаймын. Еңбегімді бағалап, рахмет, рахмет қой былай айтқанда. Мен даже тегін берген кездерім де болған».

Есесіне көрші елдің композиторлары хиттарының бағасын бүгіп қалған жоқ. Өзбекстандық Жасур Бадалбаев. «Ұрлықшы» әншілерден зәрезап болғанымыз сонша, ютуб каналды блогқа қойып бірақ тынышталдық дейді.

ЦИТАТА: ЖАСУР БАДАЛБАЕВ
«Әлішер Каримовпен бірге альбом жасап жатырмыз. Елдос есімді жігітпен де шығармашылық байланыста болдық. Шахруххонмен бірлесіп жазған әндерімізді ұрлайды көбіне. Ұрлап алады да, орындай салады. Бұрынғыдай емес, қазір мән бермейміз. Сол үшін ютуб желісін блогқа қойдық. Асылжан есімді жігіт қана бізге хабарласып, «Жүрек» деген әнім үшін он мың доллар берді. Ал өзім әнді 2000 долларға жазамын. Оранжировкасы бөлек 1000 доллар тұрады».

Біздің сазгерлер бұлай сайрап тұрған жоқ. Дүйім елге хит болған әндерінің бағасын айтуға да ұялады тіпті. Осылайша, әншілеріміз өзгенің қалтасын қампайтып, қарық қылып жатқанға ұқсайды. Иәә, біреудің қаңсығы, біреуге тақсық қашанда.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »