Новости на Newstaraz.

Іле Алатау ұлттық паркінің 188 гектар аумағы жекеменшікке пайдалануға беріледі

newstaraz.kz

Іле Алатау ұлттық паркінің жалпы көлемі 187,7 гектар болатын 35 аумағы жекеменшікке пайдалануға беріледі.

Ұлттық парктің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, туристік және рекреация нысандарын дамыту мақсатында аталған аумақтарды пайдалану үшін тендер жарияланып, конкурс өтеді. 9 аумақты – 25 жылға дейін, 26 аумақты 5 жылға дейін жекеменшік компанияларға пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, парк аумағында төмендегідей нысандар салуға басымдық беріледі:

Үлкен Алматы орманы аумағынан тау-шаңғы курортын салуға – 140 гектар жер бөлінеді;
эко-қонақ үйге салуға 1.5 гектар жер қарастырылған;
туристік сауықтыру кешендері;
қоғамдық тамақтану орындары;
балалар лагері.
Іле Алатау ұлттық паркінің аумағы алғаш рет тендерге қойылып жатқан жоқ. Былтыр көктем мен жазда Іле Алатауы ұлттық паркіне тиесілі жердің бір бөлігінің (бұл аумаққа Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан шатқалы, Асы үстіртінің учаскелері мен басқа да жерлер кіреді) жекеменшік компанияға 49 жылға жалға бергені белгілі болған. Ұлттық меншік саналатын аумақты жалға беру экобелсенділер арасында үлкен резонанс туғызған. Іле Алатауы ұлттық паркінің учаскелерін жалға алған «Құлтау және К» компаниясының артында кім тұрғанын да Азаттық жазған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »