Новости на Newstaraz.

Израиль: Голан жоталары зымыранмен атқыланды

newstaraz.kz

Израиль Иран әскерін Сирия аумағынан Голан жоталарындағы Израиль армиясы шептерін зымыранмен атқылады деп айыптады. Израиль әскери-әуе күштері зымыранмен жауап берген.

10 мамыр күні таңертең Израиль қорғаныс күштері өз шептеріне атылған жиырма шақты зымыраннан айтарлықтай зардап шекпегенін, өзінің зымыраннан қорғаныс жүйесі «кейбіреуін» қағып түсіргенін мәлімдеді.

Израиль армиясының подполковнигі Джонатан Конрикус бұл зымырандарды «Иран Ислам революциясын қорғау корпусының сыртқы бөлімшесі — «Кудс» күштері атқанын айтты.

«Израиль армиясы Иранның Израильге жасаған бұл шабуылын ерекше назарда ұстайды» деді Конрикус.

Похожие статьи

Сирияның мемлекетік ақпарат агенттігі 10 мамыр күні таңертең Сириядағы басқа да аудандарға ондаған зымыран атылғанын хабарлады. Соның салдарынан радар құрылғысы қирап, оқ-дәрі қоймасы жойылған.

Израильдің осы жолғы шабуылы бұған дейінгі шабуылдарынан ауқымы жағынан әлдеқайда асып түседі.

9 мамыр күні Сирия Израильді Дамаскіден шығысқа қарай орналасқан Кисвех ауданындағы Иран әскерилерінің шептерін зымыранмен атқылады деп айыптаған.

Бақылаушылардың мәліметінше, 9 мамырда жасалған соққыдан 15 адам, оның ішінде сегіз ирандық сарбаз оққа ұшқан. Иран Израиль армиясы жасаған шабуылға жауап қайтаруға уәде берді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »