Новости на Newstaraz.

«Көрісу күнін» Жас Ұландықтар атап өтті

newstaraz.kz

Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахимов атындағы Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің 3 оқу ротасының оқушылары, педагогтар мен ата-аналарына Наурыз мейрамының дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен тарихы туралы айтып берді.

Ата-аналардың кездесуіне оқушылар театр қойылымын ұйымдастырып, дастархан жайып, ұлттық стильдегі концерттік бағдарлама дайындады.

Әскери мектеп тәрбиеленушілерінің айтуынша, бұл күндері қазақстандықтар өздерінің барлық реніштерін, қайғыларын ұмытып, жақындарымен және туыстарының қасында өткізуі керек.

— Бұл күні тұрғындар бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, үлкендерге құрмет көрсетеді, жақындарына ізгі тілектерін жеткізеді. Ертеде бұл күні адамдар сәлем айтып, «Жаңа жасыңызбен!». Бұл күннің мағынасы зор. Біздің оқушылар да шетте қалмай, осы іс-шараны біздің мектептің қабырғасында өткізудің бастамашысы болды. Бүгін біз Наурыз мейрамының әсемдігін, маңыздылығын білу үшін ғасырлар тереңдігіне сүңгіп кеттік, — деп бөлісті мектеп бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Медгат Мадрахимов.

Іс-шара соңында, ата-аналар мен мұғалімдер осы тамаша мейрам күні бас қостырып, дастархан басында жинаған балаларына алғысын білдірді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызмет

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »