Новости на Newstaraz.

«Көшпенділер жері» ең үздік фильм атанса, оны түсірген режиссер де «Оскар» ұтып алды

newstaraz.kz

Лос-Анжелесте Америка киноакадемиясының сыйлықтарын тапсыру салтанаты 93-мәрте ұйымдастырылды. «Көшпенділер жері» ең үздік фильм атанса, оны түсірген режиссер де «Оскар» алды.

«Көшпенділер жері» фильмінің режиссері Хлоя Чжао ең үздік режиссер номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын иеленді. Хлоя – Америка киноакадемиясының сыйлығына ұсынылған Азиядан шыққан алғашқы режиссер және «Оскар» тарихында үздік режиссура бойынша сыйлықты жеңіп алған екінші әйел.

39 жастағы Хлоя Чжао 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде баспанасынан айырылып, АҚШ-ты аралауға мәжбүр болған америкалықтар жайлы түсірген фильмін «өмірде бір рет қана кездесетін ғажайып саяхат» деп атады.

2019 жылы америкалық кинорежиссер Кэтрин Бигелоу Ирактағы әскери операция жайлы баяндайтын драмасы үшін («The Hurt Locker») «Оскар» алған алғашқы әйел атанған.

Биыл коронавирус індетіне байланысты «Оскар» сыйлығын марапаттау рәсіміне шағын топ қана қатысты. Негізгі рәсім Лос-Анжелестегі «Юнион стейшн» темір жол вокзалы ғимаратында өтті.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »