Новости на Newstaraz.

Көкшетауда қатыгездікпен өлтірілген судья қызметінің жоғарылауын күтіп отырған

newstaraz.kz

Көкшетауда қатыгездікпен өлтірілген судья қызметінің жоғарылауын күтіп отырған деп хабарлайды КТК арнасы.

Судья Жанна Бердіғұлова үш  жылдан бері жалғыз тұрып келген. Ал қанды оқиға түнде болыпты. Пәтерге дымын білдірмей кірген қаскөй, Жанна Бердіғұлованы тура жуынатын бөлмеде буындырып өлтірген.

«Полицияға таңертеңгі 10-дар шамасында хабар жетті. 1971 жылы жылы туған әйел адамның өлі денесі табылғаны жөнінде. Жедел із кесу шаралары жүргізіліп, күдіктіні ұстадық. Одан айғақ заттар да табылды», — дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

1984-ші жылы туған азамат бұған дейін екі рет ауыр қылмыс жасап, істі болған екен. Полиция одан басқа ақпарат айтпай отыр. Сондықтан, судьяға жасалған қастандық оның кәсібімен байланысты ма жоқ па, әзірге белгісіз. Бір анығы, қаскөй кінәсін бірден мойындаған. Қазір уақытша қамау абақтысына жатыр.

Похожие статьи

Қарағанды облысында дүниеге келіп,28 жыл сот саласында қызмет істеген Жанна Бердіғұлова Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасына 2014-ші жылы басшы болып тағайындалған.

Әріптестері оған нағыз кәсіби маман деп баға берсе, үнемі жылы шырай танытып жүретін судьяның асқан қатыгездікпен өлтірілгеніне көршілері әлі сене алмай отыр.

«Шынымды айтсам, өте аянышты. Оны көрген кезде қашанда күлімсіреп тұратын. Сәлемдесетін, қарапайым еді. Үнемі әдемі болып жүретін. Мен қандай әдемісің дегенде, көзіңіз тиеді деп күлуші еді. Жақсы адамдар неге осылай ерте кетеді екен», — дейді марқұмның көршісі Валентина Минеева.

Жанна Бердіғұлованың денесін туыстары туған жеріне алып кеткен. Ал жұмыс орнында қазір тек суреті ғана тұр. Судья келесі аптада қызметін Алматыда жалғастыруы керек болған екен. Бірақ, ол күнге жете алмай кетті.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »