Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)
Фото Әрсен Шуақовтың Facebook парақшасынан алынды
Көлігінен түспей, жол бойына дәрет сындырған полицей қызметкерінің қылығы желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл көріністі Әрсен Шуақов есімді желі қолданушысы Facebook парақшасына жүктеді. Суреттен орта жастағы полицей қызметкерінің көліктен түспей жатып, отырған күйінде жол бойына дәрет сындырғаны анық көрінеді.
Тіпті машинаның нөмірі де суретте анық көрініп тұр. Бұл нөмірге қарап, оқиға Алматыда немесе Алматы облысында орын алғанын аңғаруға болады.
Фото Әрсен Шуақовтың Facebook парақшасынан алынды
«Осы бір ғана сурет арқылы Қазақстанның ІІМ-дегі барлық полицейлерді айыптап, олардың өз жұмысына деген құрметіне күмәнмен қарауға болмас. Бірақ желіден «мас полицей» дегенді теріп, іздесең олар туралы деректер өріп жүр.
Ішімдікке тойып алған полицейден жаман не бар?», — деп жазды ол. Сонымен бірге, ол халық алдында ант берген офицерге мұндай қылық мүлдем жараспайтынын айтты.
Суретті көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жеткізді. Олар полицейді ішімдікке тойып алған деп болжап, бұл әрекеті арқылы ол бүкіл Қазақстан полицейлерінің атына кір келтіргеніне наразы болды.
Бүгінгі таңда әкімшілік полиция комитеті полицейдің аты-жөнін анықтап, бұл жағдайға қатысты толық тексеріс жүргізуде.
newstaraz.kz