Новости на Newstaraz.

Күйеуі соққыға жыққан Баян Есентаева қайтадан жұмысына кірісті

newstaraz.kz

Белгілі продюсер Баян Есентаева жұмысына қайта кіріскендігін аңғартып, жеке парақшасында жаңа жобаларымен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Продюсердің басынан өткен қанды оқиғаны барлығы жақсы біледі. Оны бірі дұрыс деп санаса, енді бірі оңбағандыққа балаған болатын. Алайда, он күннен кейін денсаулығының жақсарғанын айтып ауруханадан шыққан Баян Мақсатқызы араға бір жарым ай өткізіп жұмысына қайта кірісті.

Десек де, кіші қызы Айару болған жайтты көтере алмай жүргенге ұқсайды. Себебі, желідегі парақшасынан әкесімен түскен суреттерінің барлығын өшіріп тастаған.

Похожие статьи

Дегенмен, оның қиналып жүргенін сезген продюсер ата-анасымен шетелге демалуға баратындығын айтып, жанкүйерлерімен бөлісті.

«Жаз нағыз демалатын уақыт. Айару ата-анаммен бірге Rixos Premium Belek кешеніне демалуға барып, «The Land of Legend» саябағында көңіл көтермек. Демалысы туралы Айарудың өзі айтатын болады. Оның парақшасын бақылап отырыңыздар. Ол жерде позитивтің көп болары анық!», — дейді Баян Есентаева.

Сондай-ақ, продюсер өзі басшылық ететін жобасы “Лашын” тобының Грузия елінде түсіріп қайтқан бейнебаянның үзіндісімен де бөлісті. Баян Есентаеваның тың жаңалықтарын ұзақ күткен желі қолданушылары:

«Баян, сіз үшін қуаныштымыз! Бағындырар белестеріңіз алда екеніне сенімдімін. Жаңа бейнебаянды асыға күтеміз, Кұттықтаймын!», «Баян осы күнді асыға күтіп едік. Алла жар болсын! Сізді отбасымызбен қатты сағындық», «Сіз мықты жансыз, Баян Мақсатқызы. Сізді пір тұтамын», — деген пікірлерін қалдырған.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »