Новости на Newstaraz.

Камчаткада Ан-26 жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

newstaraz.kz

Ан-26 (иллюстративное фото)

Камчаткада жоғалған жолаушылар ұшағы теңізге құлаған болуы мүмкін. Ұшақ бортында 22 адам болған. Ұшақ Петропавловск-Камчатск қаласынан Палана қыстағына ұшқан.

«Өте әлсіз радиодабыл тіркелді. Ол жоғалған ұшақтың радиомаягы болуы мүмкін. Ол ұшақ құлағанда іске қосылады», — деді «Интерфакс» дереккөзі.

Ан-26 жолаушы ұшағы 6 шілдеде таңертең радар экранынан жоғалып кетті. Палана қыстағы — Корякск округының астанасы. Онда үш мыңға жуық адам тұрады.

Ұшақ бортында 22 жолаушы болған. Жолаушылар арасында Палана басшысы Ольга Мохирева да бар.

Ұшақ апатына қонатын орынның дұрыс көрінбеуі, техниканың істен шығуы немесе ұшқыш қателігі себеп болуы мүмкін.

Ұшақ пен ондағы жолаушыларды іздестіріп жатыр. Камчатка үкіметі шұғыл штаб құрды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »