Новости на Newstaraz.

Каспий теңізінің Маңғыстау облысы жиегінде 100-ден астам итбалық өлі табылды

newstaraz.kz

Каспий теңізінің Маңғыстау облысы жиегінде 100-ден астам итбалық өлі табылды

Каспий теңізінің Маңғыстау облысындағы жиегінде 100-ден астам итбалық өлі табылған. Бұл жайында 8 қарашада Орталық Азия экологиялық зерттеу институты хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, итбалықтардың жаппай өлуі жайлы хабар Каспий итбалығын зерттеу орталығына 7 қарашада кешкісін түскен.

Қазір теңіз жағасында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

«8 қарашада кешкі 17:00-тер шамасында 101 итбалық өлі табылды. Қазір себебін анықтау үшін олардың жасушаларын алып зертханаға жібердік. Қалдықтары шіріп жатыр», — деді Каспий итбалығын зерттеу және емдеу орталығының директоры Адылхан Товасаров.

Бұл Каспий теңізі жағасында итбалықтардың өлі табылғаны туралы алғашқы оқиға емес. Биыл тамыз айында жергілікті Lada.kz басылымы Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко портына жақын жерде 64 итбалықтың өлі табылғанын жазған.

Осы аптада Маңғыстау облысына барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге көңіл бөліп, каспий итбалықтарын сақтап қалу және көбейту үшін бірқатар ғылыми-зерттеу жүргізуді тапсырған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »