Новости на Newstaraz.

Кезінде имам болған жігіт бүгінде 100 мың долларлап табыс табуға шақырып жүр

newstaraz.kz

Фото: zamana.kz

Шымкенттің көшелерінде ерекше жарнама пайда болды. Ондағы «Бір жылда жүз мың доллар табыс табудың төте жолын тегін көрсетемін» деген сөздер кімді де болса ойландырмай қоймасы анық.

Әрі бір жұтым суыңа да тиісті ақысын төлейтін мына заманда тегін қызмет көрсету дегенді табу қиын ғой. Әлде шынында да ақысыз кеңес беріп, аз уақытта ауқаттылардың қатарына қосылуға жәрдемдесетін жандар бар ма?  Zamana.kz тілшілері мұны жарнама иесінің өзінен сұраған.

«Бұл әбден мүмкін нәрсе! Егер шын қаласаңыз, екі айдың ішінде аптасына кемі 5 мың доллар ақы алатын жағдайға жете аласыз. Менің сіздерге ұсынатыным – кәдімгі бизнес. Ол үшін 2700 теңге төлейсіз. Сөйтіп келісім-шартқа отырамыз. Сосын 800 долларға, яғни 260 мың теңгеге тауар сатып аласыз. Бұл – бауыр дейсіз бе, бүйрек әлде жүрек, асқазан, аяқ-қолдың қақсауы сияқты барлық аурудан жазылуға көмектесетін өнімдер.

Похожие статьи

Одан кейінгі міндетіңіз – пысық, табыс табуға деген ынтасы бар екі адам табу. Олар да 800 доллардан тауар сатып алғанда сізге заматта 240 доллар – 88 мың 560 теңге төленеді. Қарап жатпай, ол екеуі де адам шақырады. Сонда екінші аптада солар арқылы сізге 50 мың теңге, үшінші аптада 100 мың теңге түседі. Жетінші аптада айлығыңыз бір жарым миллион – 5 мың доллар шамасында болады. Ары қарай осы 5 мың доллар шотыңызға үздіксіз, өздігінен түсіп тұрады. Былайша айтқанда, бұл – ақшаның отаны», – деді өзін Мұхаммедкәрім деп таныстырған жас жігіт.

Оның айтып отырғаны «TІENS» деген компания екен. Тибет медицинасы негізінде түрлі биологиялық өнімдер шығарады. Желілік жобасын соңына екі адам тіркейтін қарапайым тәртіпке көшкеніне үш айға жуықтаған оны көпшілік «Тяньши» ретінде біледі. Осы желі арқылы оп-оңай табыс табу мүмкіндігі жоғары деп мақтап отырған Мұхаммедкәрімнің оған тіркелгеніне 4 ай болыпты. Олай болса, өзі түсіндіріп отырған тәртіппен ол аптасына 5 мың доллар табыс тауып жүрген болуы тиіс емес пе? Тиімді табыстың төте жолын түсіндіретін жігітке біз осы сұрақты төтесінен қойдық.

«Мен осыған дейін 18 жыл бойы Ұзынағашта имам болып істедім. Алдыңғы жылы «грыжа» болдым. Небір түрлі емнің ішінде маған осы компанияның витаминдері шипа болды. Сосын мұның не кереметі бар деп зерттеп көрдім. Осылай тіркелдім. Бірақ әлі ондай табыс таба қойған жоқпын. Қазірше соңыма тек әкем мен інімді ғана тіркедім», – деді ол.

Әйтcе де, әлгі жарнама бойынша оған күніне 5-6 адам хабарласып жатыр екен.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »