Рекордтық көрсеткішке жетті! Қытайдағы коронавирусты жұқтырғандардың қатары бір тәулікте 3 мыңға артып, 43 мыңға жуықтады. Ал бақилық болғандар саны мыңнан асты. Алайда бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Тексеруден өтпей, дәрігерлерге қаралмай жүргендері әлі қаншама. Ал әлеуметтік желіде қытайлар вирусты әдейі ойлап тапқан деген ақпарат тарауда. Оған қатысты өздері қандай жауап қатты? Біздің елдегі ахуал қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Жылама, үйге вирусты жеңгеннен кейін қайтып келемін». Бір-бірін 2 ай көрмеген анасы мен қызының әңгімесі бүкіл аспан асты еліндегі ахуалды әспеттеп тұрғандай. Тек науқастарға емес, күн-түн демей олардың қасында жүрген дәрігерлерге одан бетер қиын қазір. ((ГРАФИКА)) Ұйқысыз, демалыссыз, тынымсыз жұмыс істеп жүр. Оны түрлерінен-ақ байқайсың. Есесіне 4 мыңға жуық науқас қауіпті індеттен құлан таза айығып кетті.
«Мен біздің дәрігерлерге әрқашан сендім. Біздің медицина қарыштап дамып жатыр. Міне, анамды үйге алып кетуге келдім. Қазір жағдайы жақсы»
Алайда 43 мың адам әлі де қауіп үстінде. Ал 1018 науқастың өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір індетті жұқтырғандармен жақын байланысқа түскен 190 мыңға жуық адам дәрігерлердің жіті бақылауына алынған. Айта кеткен жөн, мәселені реттеу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ең мықты, тәжірибесі мол мамандарын аспан асты еліне жіберіп отыр. Бүгінде Қытайдағы жағдай толығымен биліктің бақылауында. Көшелерге арнайы препараттар себіліп…
Балалардың қауіпсіздігі үшін сабақтар онлайн түрде жүргізілуде. Сақтық шарасы тұрғын үйлерде де сақталған. Әсіресе жеделсатыларда. Қарапайым мысал.
«Вот видите политиленчик здесь приклеян. Чтобы не дай Бог к вам что нибудь не прилипла. Его меняет каждые 3 часа. Все хлоркой залито, вообщем печаль»
«Печальдың» көкесі ол емес бірақ. Вирустың тарағанына міне 1,5 ай болды, ал оның нақты неден пайда болғаны әлі де анықталмаған. Біреуі қытайлардың тамағынан, өзгесі биологиялық қару шығаратын жасырын зертханасынан көрді. Енді бірі олар инфекцияны «пайда табу үшін әдейі ойлап тапқан» деген пікірін де білдірді. Алайда Қытай билігі бұны «сандырақ» деп қысқа қайырды. Қалай болғанда да бір нәрсе анық. Вирустың шығу себебі табылмай, оны емдей алу екіталай. Ал әзірге инфекцияның таралу аймағы да кеңеюде. Күні кеше көршіміз Түрікменстанда вирустан бір науқас көз жұмды деген ақпар тарады. Алайда, ресми Ашхабад мұны растаған да, терістеген де жоқ. Ал біздегі жағдай қалай?
ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
«30 850 адам қаралды. Жедел-респираторлық вирустық инфекция симптомдары бар 140 адам емдеуге жатқызылып, қазіргі таңда 13-і емделіп шықты. 27 науқас стационарда ем алуда. Ешқандай коронавирустық инфекция расталған жоқ»
Қытайда қалған 719 отандасымыздың 391-і елге қайту туралы өтініш білдірген-ді. Олардың алғашқы легі бүгін таңертен арнайы ұшақпен эвакуацияланды.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«217 қазақстандық азамат елге жеткізілді. Олар Қытайдың 36 қаласынан жиналып, Пекиннен түнде арнайы рейспен келді. Жақында 12 ақпанда тағы 150-ге жуық адам алып келінеді»
Ал қалған 330-ға жуық қазақстандықтың елге қайтқысы жоқ. Айта кеткен жөн, елімізде бақылау жоғары деңгейде жүруде. Әсіресе, маскалар мәселесі қолға алынған. Бүгін Үкімет отырысында премьер министр Асқар Мамин дефицитті пайдаланып, бетперденің бағасын аспандатып қоятын алыпсатарлармен күресуді бұйырды. Ал маскалар шығарумен айналысатын алматылық кәсіпорын енді тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Көрші Қытайда да тура сондай жағдай. Бірақ оларда бетперде неліктен жетіспейтінін аңғаруға болатындай. Алайда себеп сіз ойлағандай, адам көптігі емес.
newstaraz.kz