Новости на Newstaraz.

Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызметкерлерді өктемдіктен арылуға шақырды

newstaraz.kz

Өзінің қазір мемлекеттік қызметкер емес екенін алға тартқан Бәйменов дүние — мүлкі туралы айтудан бас тартты.

Похожие статьи

Бұл туралы ол NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтан.

«Мен қазір халықаралық ұйымда жұмыс істеймін. Дүние-мүлкімді құпия ұстамаймын. Барлығын салық қызметіне жария етемін. Мемлекеттік қызметте болғанда бәрін ашық айтып жүрдім. Мен қазір тек бай адамдардың қатарына жатпайтынымды айта аламын», — дейді Әлихан Бәйменов.

Түрлі жағдайда ойын ашық айта алатын Әлихан Мұхамедияұлы соңғы кезде көрінбей кеткен болатын. Бәйменов өзінің саяси сахнадан көрінбеуінің себебін қызметінің өзгергенімен түсіндірді.

«Мен қазір халықаралық жұмыста жүрмін. 32 мемлекеттің басын қосып отырған аймақтық хаб болған соң біздің негізгі мақсатымыз үкіметтің мемлекеттік қызмет сапасын көтерудегі істеріне қолдау көрсету. Сондықтан,  сарапшылармен жұмыс істейміз», — деді Бәйменов.

Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы алдағы сайлаудан жасампаздықтың озық үлгісін күтетінін жасырған жоқ.

«Сайлау елдің дамуына, барлық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруіне, экономиканың тұрақты дамуына бағытталған жақсы бағдарламалардың сайысы болып, солардың ішіндегі ең үздіктерін жаңа үкімет, жаңа парламент іріктеп, Қазақстан халқының игілігі үшін жүзеге асырады деп сенемін. Оған негізгі басты бағыт ұлт жоспарында бекітілген. Барлық партиялар бірлесіп, өздерінің азаматтық жауапкершілігін сезіну арқылы Қазақстанның гүлденуіне атсалысады деп үміттенемін. Бұл жасампаздықтың, бір біріне деген сыйластықтың сайысы болу керек. Барлық партиядағы азаматтардың илеп жүргені бір терінің пұшпағы, ол — Қазақстанды көркейту. Партиялар сайлау кезінде сыйластық пен жасампаздықты көрсете алса, бұл озық елдердің үлгісі болар еді», — дейді Әлихан Байменов.

Бәйменов мемлекеттік қызметте отырған басшылар өктемдіктерінен арылып, кімнің арқасында қызметте отырғандарын ұмытпауды ескертті.

«Мемлекеттік қызмет — ол ерекше жауапкершілік. Себебі, олар — халықтың ақшасына өмір сүріп отырғандар. Барлық мемлекеттік қызметкердің ақшасын халық төлеп отыр. Қазынадағы қаржы халықтың ақшасы. Ендеше халық сапалы жұмысты талап етуге құқылы», — дейді Әлихан Бәйменов.


newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »