Новости на Newstaraz.

«Үлкен жетілік» елдері Ресейге қарсы санкцияларын күшейтуге әзір

newstaraz.kz

«Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері Мәскеудің әрекеттеріне байланысты Ресейге қатысты санкцияларын кеңейтуге әзір екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Торонтодағы кездесу қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемеде айтылған.

Украинаның аумақтық тұтастығын бұзғаны үшін салынған санкциялар мерзімі Ресейдің Минск келісімін толықтай орындауына тікелей байланысты. Мәскеу өзінің жауапкершілігін шынымен орындағанда ғана бұл санкциялар жойылуы мүмкін, деп мәлімдеді «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері.

Бұған қоса олар Ресей аннексияланған Қырымда адам құқығы жағдайы «деградацияға ұшырады» деп атап, Ресей билігін түбектегі әрекеттері үшін сынады. Сонымен бірге «Үлкен жетілік» сыртқы істер министрлері Ресейден «өзге елдердің демократиялық жүйелеріне араласуын» және «тұрақсыздық әкелуін» доғаруды талап етіп, Мәскеуді халықаралық міндеттерін орындауға шақырды.

Похожие статьи

Дей тұрғанмен, аймақтық және жаһандық жанжалдарды шешу мақсатында, «Үлкен жетілік» Ресеймен диалог іздеуін тоқтатпайды. Мәскеу «конструктивті әріптес» болуы керек, деп есептейді АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметін атқарушы Джон Салливан.

«Үлкен жетілік» елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі Торонтода 21-23 сәуір аралығында өтті. Оған Канада, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Франция және Италия СІМ басшылары қатысты.

12 наурызда Еуропалық одақ Ресейге қатысты санкцияларын тағы жарты жылға созды. Бұл санкциялар 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялауы мен Донбастағы жікшілдерге қолдау көрсеткені үшін салынған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »