Новости на Newstaraz.

Мұхаммед пайғамбар карикатурасын салған Курт Вестергор қайтыс болды

newstaraz.kz

Курт Вестергор

Дат карикатуршысы Курт Вестергор 87 жасында қайтыс болды. Оның Мұхаммед пайғамбарды бейнелеген суреті мұсылман әлемінің наразылығын туғызды.

Марқұмның туыстарының хабарлауынша, суретші созылмалы аурудан қайтыс болған. Бұл туралы «Берлингске» дат басылымы хабарлады.

1980-жылдардың басында Курт Вестергор «Юлландс-постен» консерватив газетте істеген. Дәл осы басылымда 2005 жылы Мұхаммед пайғамдардың 12 карикатурасы жарияланды. Суреттер мұсылман әлемінің наразылығын туғызды. Мұсылмандар пайғамбардың суретін салуға болмайды деп есептейді.

Діндарлар әлем елдеріндегі дат елшіліктеріне шабуылдады. 2006 жылғы ақпанда осындай бір шабуыл салдарынан ондаған адам қаза тапты. Данияның өзінде де наразылық акциялары өтті.

2015 жылғы қаңтарда Париждегі Charlie Hebdo апталығының редакциясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты. Апталық «Юлландс-постен» басылымда жарияланған карикатураларды көшіріп басқан.

Курт Вестергорға да бірнеше мәрте қастандық ұйымдастырылған. Суретші өмірінің соңғы жылдарын күзетпен, құпия орында өткізді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »