Новости на Newstaraz.

Мүфтият азаматтық некені харам деп атады

newstaraz.kz

Жуырда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің ХІ отырысында азаматтық некенің үкіміне қатысты пәтуа қабылданды деп хабарлайды muftyat.kz.

Соңғы кезде қоғамда ер мен әйелдің ерікті түрде бір-бірін сынау мақсатында некесіз қосылып, ата-ана, туған-туыстарына жарияламай ерлі- зайыпты болып бірге тұратын «азаматтық неке» ұғымы пайда болды. Кейбіреулер оны «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атайды. Алайда, некесі қиылмаған «азаматтық неке» шариғатта некесіздікке жатады. Себебі, АХАЖ бөлімінде ресми тіркелмей немесе мұсылманша неке қиылмай жақындасу зина ұғымына кіреді.

Осылайша, екі тарап «ерлі-зайыпты болуға дайындық, тәжірибе» деген желеумен ауыр күнә болып саналатын зинақорлықты ақтауға тырысады. Негізінде мұсылман шариғатында халал мен харам анық ажыратылып көрсетілген.

«Азаматтық некенің» шариғатқа қайшылығы мынадай:

1. Азаматтық некеде неке қиылмай ер мен әйел төсек қатынасына барады. Ал неке қиылмай төсек қатынасына бару шариғи тұрғыдан зинаға жатады. Зина шариғатта үлкен күнә болып есептеледі. Алла Тағала Құран Кәрімде зинаға мүлде жоламауды қатаң ескерткен:

«Зинаға мүлде жоламаңдар. Шын мәнінде, ол – анық арсыздық әрі ең жаман жол» («Исра» сүресі, 32-аят).

2. Азаматтық некенің салдарынан дүниеге келген бала ойнастан туған болып есептеледі.

3. Дүниеге келген сәби шариғи тұрғыдан мұрагерлік, қамқорлық құқықтарынан айырылады.

4. Сәбидің ата-анасы шариғат бойынша зинақор деген атауға ие болып, Алланың құзырында ауыр есепке тартылады.

5. Отбасылық жауапкершілік сақталмайды. Негізінде, ер-азаматқа отбасын асырап-бағу, нәпақа табу міндеті жүктеледі. Ұрпақ тәрбиесі, үй шаруашылығы әйелдің еншісінде. Ал азаматтық некеде мұндай жауапкершілік мүлде сақталмайды. Олар, бар болғаны, бір-бірін сынау, тәжірибе мақсатымен ғана бірге тұрады.

6. Жетесіз нәсілдің қалыптасуына септігін тигізеді. Себебі, қазақ жұрты өзінің тегін, ұлтын білмейтін ұрпақты, жеті атасын білмегенді «жетесіз» деп атаған.

ҮКІМ:

1. АХАЖ бөлімінде ресми тіркелмей немесе мұсылманша неке қиылмаған «азаматтық неке» – зина болып саналады.

2. Жоғарыда аталған теріс сипаттағы «азаматтық некенің» шариғаттағы үкімі – харам.

3. Мұсылман баласы арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәдан аулақ болуы тиіс».

Еске сала кетсек, бұған дейін жауапты органдар АХАЖ бөілімінде ресми тіркелмеген, тек мұсылманша қиылған некені де «азаматтық неке» қатарына жатқызған болатын.



Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »