Новости на Newstaraz.

Мұхамедиұлы үкімет басшысының күлкісін келтірді (видео)

newstaraz.kz

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы кезінде туризм саласы бойынша экономиканы дамытуға климаттық жағдайлар бөгет болып отырғанына шағымданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бізде тұру мен тамақтану сияқты көрсеткіштер бойынша жетістік жоқ. Бірінші тоқсанда — қаңтар, ақпан, наурыз айлары. Туризм бойынша жақсы уақыт — жаз бен күз. Жыл соңында барлық көрсеткіш бойынша жақсы нәтиже көрсетеміз. Екіншісі, Бақытжан Әбдірұлы, бізде театр, музей, кітапхана, ботаникалық бақтарға бару бойынша көрсеткіш төмен. Біз индекатор, әдістемеге қарсы емеспіз, бірақ, ақпан мен наурызда аттракциондарға бару қиын — суық. Зоологиялық және ботаникалық бақтарға», — дейді министр.

«Жазда ыстық, қыста суық. Енді не істесе болады? (күлді)», — деп атап өтті премьер-министр Сағынтаев.

«Әрине, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, қыста зоо, ботаникалық бақтарға барамыз, бірақ, өте қиын», — дейді Мұхамедиұлы.

Сағынтаев үкімет бекіткен мақсатты 24 индикатордың тоғызы бойынша тежелу барын атап өтті.

«Күлеміз, бірақ, жұмыс істеу керек. (…) Мұндайды алғаш қолданып отырмыз. Ешқандай сылтауларыңыз қабылданбайды. Жұмыс істеңдер, нәтиже көрсетіңдер. Елбасы міндет қойды — орташа мерзімді кезеңде — бес пайыздық өсім көрсету. Ауа райын, табиғатты сылтаурата берсек қойылған міндеттерді орындай алмаймыз», — деді премьер.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »