Новости на Newstaraz.

Мұхтар Тайжан шетелге оқуға кеткен вице-министрді қызметінен қууды талап етті

0 5

Мұхтар Тайжан. Фото: time.kz

Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан білім және ғылым министрі орынбасарының қызметінен біржола кетуін талап етті. Ол Болашақ бағдарламасымен оқуға түскен Эльмира Суханбердиеваның әрекетіне қызметін асыра пайдалану деген баға берді.

Мұхтар Тайжан бұл туралы Facebook парақшасында жазды.

«Бізде нақты орынбасарлар оқып жатқанда білім министрінің уақытша орынбасары, Астана әкімінің уақытша орынбасары деген жаңа лауазым пайда бола бастапты.  Бұл не сұмдық! Оқығың келді ме — қызметтен кет!

Егер білім министрінің орынбасары Суханбердиева өзінің құзырындағы «Болашақ» бағдарламасы есебінен оқуды қалыпты жағдай деп ойласа, онда ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарына өз құзырындағы субсидияны өзіне беруді ресми түрде рұқсат етейік. Ұлттық банк орынбасарларына ұлттық қордан, алтын-валюта сақтық қорынан кредит алуға да тыйым салмайық.

Білім министрі орынбасары Суханбердиеваның әрекетін қызметтік лауазымын жеке бас пайдасына асыра пайдалану деп бағалау қажет!», — дейді қоғам белсендісі.

Получайте обновления в реальном времени прямо на вашем устройстве, подписаться прямо сейчас.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.