Новости на Newstaraz.

Мұнай ұрлығын басқарған Еркін Ізбасаров елу жасын дүркіретіп тойлаған

newstaraz.kz

Еркін Ізбасаров спортшылармен. Фото әлеуметтік желіден алынды

Ақтөбелік спортшылар мен мүгедектерге қолдау көрсетуден ақша аямайтын атышулы төрт ағайындының бірі Еркін Ізбасаровтың Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысы бар болып шықты.

Ізбасаров Ақтөбедегі спортшыларға жалақы төлеп отырған «Намыс» спорт клубының белді мүшесі деп жазады аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Ресейден Артас Сана есімбі балуанды әкеліп, оған өзі жаттықтырушы болды. Жанына үнемі еркін күрестен спортшыларды жинап жүріпті.  Ол Ақтөбедегі сал ауруынаа шалдыққандарды қолдау орталығына 2012 жылдан бастап мүшелікке тіркелген.

Похожие статьи

«Ол арбада отырған мүгедек ретінде біздің мүгедектер қоғамының мүшесі. Біз оны тек белсенді спортшы ретінде танимыз. Ол қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырды. Қазақстанның эстрада жұлдыздарын әкеліп бізге концерт қойғызып жүрді. Оның мұнай ұрлығына қатысы бар күдіктілердің қатарында екенін естіп шошып отырмыз, аң-таңбыз. Ол кісі біздерге ешқашан ақшалай көмек берген жоқ. «Апай, мен әншілерді шақырамын, олар менің жолдастарым» деп екі жыл қатарынан Ақтөбеде жұлдыздардың қатысуымен концерт ұйымдастырып берді. «Нұр-Мұқасан»,«Музарт», Қайрат Нұртас, Ақылбек Жеменейлер Еркіннің қолдауымен мүгедектерге концерт қойып кетті», — дейді Ақтөбедегі сал аурулар қоғамының басшысы Құралай Байменова.

Ол мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында Ақтөбедегі теракт оқиғасына қатысты ойын білдірген.

«Кешегі Ақтөбеде теракт оқиғасы кезінде оның: «Радикалдарды жек көремін. Олар неге адам өлтіреді? Неге қалаға шабуыл жасайды?» деген әңгімесін естідім. Мына жағдайға түсіне алмай отырмын. Қазір адамдарды түсіне алмайсың. Кімнің кім екенін білмейсің. Бүгін басқа, ертең аты басқаша шығады», — дейді Байменова.

Еркін Ізбасаров ірі жол апатынан кейін арбаға отырған. Қылмыс әлемінің серкесі 50 жасын Ақтөбенің танымал адамдарымен бірге дүркіретіп тойлаған болатын.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »