Новости на Newstaraz.

Маңғыстауда жол апатынан өзбекстандық алты азамат қаза тапты

0 3

Жол-көлік оқиғасынан жеңіл көлікте болған 6 жолаушы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.

1 наурыз күні «Ақтау-Бейнеу» автожолының Сай-Өтес ауылына жақын жерде «Shacman» маркалы жүк көлігі мен «LADA Largus» соқтығысты. Соның салдарынан қаза болған 7 адамның алтауы Өзбекстан азаматтары болып шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасынан жеңіл көлікте болған 6 жолаушы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, мерт болғандардың алтауы сол елдің азаматтары екен.

«Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, 1 наурыз күні сағат 06.00-де Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында, «Ақтау-Бейнеу» күре жолында Ақтау қаласы – Бейнеу ауданы бағыты бойынша бет алған мемлекеттік нөмірі 90 S 830 «LADA Largus» пен мемлекеттік нөмірі 737 DPA/12 «Shacman» жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан өрт болып, алдын ала мәлімет бойынша 7 адам қаза болды. Олардың алтауы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылады. Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Қаза болғандардың тұлғасы анықталуда», — делінген Елшілік ақпаратында.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.