Новости на Newstaraz.

Марқұм анасының өмірден озған сәтін еске алған Ғаділбек елді жылатты

newstaraz.kz

Ғаділбек Жанай

Танымал әнші Ғаділбек Жанай өзінің марқұм анасын еске алып, оны концертінде көре алмағанына қынжылды. Өмірден озған анасына барған сәтін айтып, ауыр күрсінген әншінің анасына деген сағынышы тыңдармандарының жүрегін елжіретті.

Анасы мен әкесі туралы жүрекжарды сөзін ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты.

Жуырда әнші өзінің 10 жылдық есеп беру концертін өткізді. Ол 93 жасқа келген әкесінің концертіне келе алмағанын айтып қынжылды.

«Әке мен ата тақырыбы жүректі тебірентетін тақырыптардың бірі ғой. Концертіме келе алмайтын әкемді еске алып, марқұм анамды еске алып, біраз толқып кеттім. Өзім концертте жүрсем де, санам ауылда болды», — деді ол. Сонымен бірге ол марқұм анасының дүниеден озған кезін де еске түсірді.

Похожие статьи

«Мен ол кезде Алматыда болатынмын. Біздің қазақтың даналығы сонша, алыста жүрген адамға бірден айтпайды ғой, қайтыс болғанын. «Ауыр халде жатыр, денсаулығына байланысты келуің керек» деп шақырады. Сенбейсің ғой, анаңның өмірден өтуі мүмкін еместей көрінеді. Ауылға барғанша сезген жоқпын. Ішің сезіп тұрады, бірақ сенбейсің бәрібір.

Ауылға кіріп, үйге жақындаған кезде киіз үй тұрады, сонда ғана білдім. Қимайсың, бірақ амал жоқ. Бүгін сол күнге қайтып келгендей болып тұрмын. Өте ауыр болды мен үшін, қайта бас көтеру де оңайға түспеді. Бірақ жұбатқан бір-ақ нәрсе — ол анам тірі болса, мені қандай күйде көргісі келетіні.

Осы өзіме мотивация болды. Анам мені қандай күйде жүргенімді қалар еді, түңілгенімді ме, әлде жарқырап елдің алдында жүргенімді ме? Алдымда екі жол тұрды. Бүгін дұрыс жолды таңдағанымды түсіндім.

Ананың орны ерекше ғой. Егер өмірде қадірін білмей жататын екі адам болса, олар ата-анаң ғой», — деді ол.

 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »