Новости на Newstaraz.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ СМАРТФОН ҰСТАУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

newstaraz.kz

Мемлекеттік қызметкерлердің қолы ұзарды. Оларға жұмыста смартфон ұстауға рұқсат берілді. 2016 жылдан бері қолданыстағы заңның күшін жоюға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы себеп болды. Қағаз бен компьютерден бас көтермейтін мемлекеттік қызметшілер енді бір сәт серігіп, смартфон ұстап, селфи де жасай алады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Цифрландыру, жаңа технология деп ұрандап, тіпті сондай министрлік құрып, бірақ жұмыста смартфон ұстауға тыйым салынды. 2016 жылдың наурызынан мемлекеттік қызметшілер үшін осындай тәртіп бар еді. Президент Тоқаевтың тапсырмасымен ол заңның сөбесі сөгілді. Шіреніп, костьюм киіп, бірақ арзан, қарапайым телефон ұстайтын мемлекеттік қызметшілер енді жұмыс уақытында да смартфонды қолдана алатын болды. ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: «Әрбір жұмыскерге, жұмысқа оң ықпалын беретін шығар деп ойлаймын. Себебі, ақпаратпен алмасудың оңай тетігі». Айтпақшы, смартфон дегенді көрерменнің бірі біліп, бірі түсінбейтін шығар. Фотоға, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге кіретін функциясы бар телефондар. Кезінде, осы функциялары үшін тыйым салынған-ды. Себебі, мемлекеттік органның ішіндегі әлдебір құпия деректер, суреттер, ақпараттар қолдан қолға тарап кетіпті-мыс. НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Мен ойлаймын, мемлекеттік қызметкерлер, біз цифрландыру ғасырында тұрып жатырмыз. 21 ғасыр, мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істей алмай қалады. Ақпараттар шығып кетпей ме? Одан қорқудың қажеті жоқ». Білім министрлігіндегі шенеуніктер смартфонсыз жұмыста отырғанда, оқушылардың телефонға түсірген түрлі видеосы әлеуметтік желіні кезіп жүретін. Оқиғаларды әркімнен бір еститін сала басшылары да бұл жаңалыққа бөріктерін аспанға лақтырып қуануда. БИБІГҮЛ АСЫЛОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қиын болғаны рас смартфонсыз. Таңертең ерте тұрып немесе кешке жұмыстан кейін ғана жазасың, қарайсың. Бір құжатты жіберуге, жалпы жұмысты жылдам істеугеғ уақытты үнемдеуге өте ыңғайлы». Бір қызығы, кезінде жұмыста смартфон қолдануға тыйым салуды қолдаған кейбір шенеуніктер, енді рұқсат беруді де «табылған шешім» деп қуануда. Айта кетейік, бұл тәртіп тек мемлекеттік қызметшілерге, яғни министрліктегілер мен әкімдіктегілерге ғана міндетті болатын. Ал заң шығарушы орган Парламент депутаттары үшін смартфон ұстауға тыйым салынған жоқ.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »