Новости на Newstaraz.

АЖЫРАСУЫМЫЗҒА ТУЫСТАР СЕБЕПШІ

newstaraz.kz

Ажырасу қоғамның өзекті мәселесіне айналғалы қашан? Бұлай деуіміздің себебі де жоқ емес. Мәселен, елімізде әр екінші жұптың ажырасатынын ескерсек, олардың 61 пайызы туысқандарының араласуымен екіге айырылысады екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Әр сағат сайын елімізде 7 жұп ажырсады. Арифметикаға салсақ, күніне 150 жұптың шаңырағы шайқалады деген сөз. Өкініштісі сол — мәңгілік бірге болуға бекінген жастардың дәм-тұзы жараспауына көбіне туысқандары себеп! Мәселен, аты-жөнін өзгертіп, түрін көрсетпеуді өтінген кейіпкеріміздің жолдасымен айырылсқанына оның жақындарын кінәлі деп санайды. Солардың кесірінен қызының әкесіз өскенін айтып қынжылды.

ӘСИЯ, КЕЙІПКЕР: «Осы ажырасу темасы бір кісідей менің басымнан өткен болатын. Ата-енесі, ағасы, туыстары, бауырлары барлығы араласты. Осылдай ажырасқанбыз. Қазірде ортада өсіп жатқан қыз бар. Бірақ әкесіз өсті. Басты өкінетін жағдай жыладық, сықтадық. Бәрі де болды. Өкіндік. Қайғырдық».

Әлеуметтанушы маманның пікірінше, егер жас жанұя үйленетін уақытта отбасы институтының құндылықтарын білетін болса, ажырасу аз болып, «отбасы» деген территориясына туысқандарымен, әке шешесінің кіруіне жол бермеуші еді, дейді.

САЛТАНАТ ОРАЗБЕКОВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ: «Өйткені, бізде орта есеппен алатын болсақ отбасын құруға ер адамдар 27 жастан, ал қыз балалар 25 жастан. Енді қарап отырсаңыздар, олар өте жас. Сондықтан оларға қолдау көрсетеміз деп, бірінші жылдары міндетті түрде олардың көмегі болады дейді. Олар керек та болатын шығар кейбір кездерде. Сол көмектің ары-қарай жалғасып кетуі белгілі бір семьялардың ажырасуына әкеліп жатыр екен.

Психолог Ақгүл Молдабекова да бұл мәселені растап отыр. Себебі, күйеуінің туыстарының қысымынан зәбір көріп айырылысқан келіншектердің саны көп және келіншектер осындай жағдаймен жиі маман кеңесіне жүгінеді екен. Тіпті, енесі мен күйеуінің туыстары ұрып, үйден қуып шыққан жағдайлар да бар дейді.

АҚГҮЛ МОЛДАБЕКОВА, ПСИХОЛОГ: «Негізі адамдар неге басқа адамның өміріне араласады? Кейбір отбасына қараған уақытта мен осы отбасын дұрыстай аламын. Билікке таласу, немесе баласын қызғану, немесе келінінен ұнамайтын іс-әрекеттерді көріп оны дұрыстағысы келу. Өзі сияқты болғысы келу. Немесе өзінің басынан өткен қиындықтарды соған беру деген сияқты факторлар. Сыртқы адамды осы отбасының өміріне араласуына әкеліп соқтыртады».

Сандарға сенсек, 2018 жылдың ішінде 108 мың адам ажырасқан. Шайқалған шаңырақтардың 80 пайызға жуығында балалары бар. Олардың тірі жетім өсуіне кімді кінәлаймыз?

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »