Меруерт Түсіпбаева: Өзгенің өмірін талқылаймын деп, өз өмірлеріңіз еш кетпесін
Меруерт Түсіпбаева. Инстаграмнан алынған кадр
«Достар, барлықтарыңызға сәлем жолдаймын. Және де ақыл айтқым келеді. Өзгенің өмірін талқылаймын деп, өз өмірлеріңіз еш кетпесін. Уақыттарыңызды жоғалтпаңыздар. Инстаграмда отырғанша, спортпен айналысып, тіл үйреніңіздер. Аман болыңыздар», — дейді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева сәнгер Жадоның талғамсыздығын бетіне басқан. Әншінің қорлық сөзін көтере алмаған Жадо Меруерттің үстінен арыз жазып, сотқа жүгінді. Бірақ 22 желтоқсанға белгіленген алғашқы сот отырысына Меруерт Түсіпбаева келмей қалғандықтан отырыс 10 қаңтарға қалдырылған болатын. Бірақ, әнші 10 қаңтарда өткен отырысқа да келмеген.
Әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоның арасындағы сот отырысы 18 қаңтарға қалдырылды.
newstaraz.kz