Новости на Newstaraz.

Министр: Қазақстан Еуразия даму банкіндегі үлесін ұлғайтуы мүмкін

newstaraz.kz

Қазақстан Еуразия даму банкі акцияларының тағы 4,2 пайызын сатып алуы мүмкін. Бұл жөнінде 17 қарашада қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Қазіргі кезде аталған банк акцияларының шамамен 33 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазір келіссөздер жүріп жатыр. Акциялардың құнын төлеу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Ол үшін жылына бюджеттен шамамен 7 млрд теңге бөлінеді. Келісімнің жалпы құны – 25-30 млрд теңге аралығында.

Тамыз айында Bloomberg агенттігі дереккөзге сүйене отырып, Еуразия даму банкінің 67,97 пайызына иелік ететін Ресей банкті батыс санкциясынан құтқару үшін бақылау пакетінен бас тартуы мүмкін деп жазған. Агенттіктің дереккөзінің хабарлауынша, Ресей Беларусьпен ортақ үлесін 50 пайыздан төмен түсіруді жоспарлап отыр.

Еуразия даму банкі сайтында банкіні қатысушылар арасында «сауда-экономикалық байланысты кеңейтуді» көздейтін халықаралық қаржы ұйымы деп көрсеткен. Онда Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның үлесі бар.

Ресей банктің жарғылық капиталының үштен екісіне, Қазақстан үштен біріне иелік етеді. Ал қалғандарының үлесі бір пайыз немесе одан кем.

Ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Батыстың Мәскеуге санкциясы күшейді. Ресей мен Беларусьтің көптеген мемлекеттік құрылымдары АҚШ, ЕО санкциясына ілінген. Алайда Bloomberg жазуынша, Еуразия даму банкі шектеуге ілінбеген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »