Новости на Newstaraz.

Министрлер «майданы»: Мұхамедиұлы Білім министрі Сағадиевті сөкті

newstaraz.kz
Арыстанбек Мухамедиулы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елбасы еліміздің білім саласындағы үштілділікті тоқтатқанын айтып, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті өзімбілермендікке салынып кетті деп айыптады.

Мұхамедиұлы тіпті Сағадиевке кімдердің жалынғанын да мәдениет және спорт жөніндегі қоғамдық кеңесте жайып салған деп жазады rgmedia.kz.

Похожие статьи

«Тіл саясатын дамыту оңай емес. Шынын айту керек, жер мәселесі қозғалардың алдында үштілділікке қатысты қозғалыс болған. Сол кезден бастап өзіміз икемсіз қимылымызбен халықтың көңілін біршама өзгертіп алдық да, оның үстіне жер туралы кодексті кіргіздік. Сонымен қазір мүлдем ыңғайсыз жағдайда отырмыз», — деді министр деп хабарлады baq.kz ақпараттық порталы .

Министрдің айтуынша, бұған дейін зиялы қауым өкілдері үш тілді оқыту жүйесімен асықпауды сұраған.

«Бір жиналыс болды, шыны керек. Міне, Мырзатай (Жолдасбеков – авт.) ағамыз отырды, Нұрлан Оразалин отырды. Менің коллегам (білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев – авт.) отырды. (Ағалалар – авт.) жалынып тұрып айтты, осы үштілділікті асықпайықшы деп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін әзірше қоспайықшы, тұра тұрайық деп. Алдымен филологияны реттеп алайық. Әдебиетті…Бір сағат екеуі екі жақтан жалынды. Жоқ, қоймай, ендігі аптада заң қабылдаймын, сүйтем-бүйтем деді. Қазір енді көріп тұрсыздар, Елбасы үш тілдікті де тоқтатты, 12 жылдық бар, жаздық каникул бар. Әрине, ойы дұрыс. Бірақ соны ақылдаспай шешемін дегені кері әсерін тигізіп жатыр», — деп атап көрсетті Арыстанбек Мұхамедиұлы.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »