Новости на Newstaraz.

Министрлік алдағы күндері халыққа Pfizer екпесі салына бастайтынын хабарлады

newstaraz.kz

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 қарашада түнде Алматыға жеткізілген Pfizer екпесінің алғашқы партиясы халыққа алдағы күндері салына бастайтынын хабарлады.

«Вакциналау курсы 21-28 күн аралығында енгізілетін екі дозадан тұрады. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина. Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізеді. Алдағы күндері Қазақстан азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады» делінген министрлік хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, әзірге Қазақстан сатып алған 4 млн доза вакцинаның 380 мыңы ғана жеткізілген. Qatar Airways әуе компаниясы дәріні Бельгиядан әкелген.

Бұған дейін екпені қажетті температурада (-60 -90 C) сақтайтын 34 суытқыш жабдық сатып алынғаны хабарланған. Қараша соңына дейін қосымша 51 тоңазытқыш әкелінеді.

Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығарылатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer — ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

Қазақстанда бұл вакцина бірінші кезекте 12-17 жастағы жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салынады.

Соңғы мәлімет бойынша, елде 7,7 млн адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасы салынған. 700 мың адам екінші дозасын күтіп отыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »