Новости на Newstaraz.

Мың шырақты жалғыз шырақпен жағуға болады

newstaraz.kz

Істі кішкентайдан бастау- ол қалыпты жағдай. Ыдыс та суға тамшылағаннан толады. Әрбір шебер ісін кезінде әуесқойлықтаған бастаған. Барлығы істі кішкентайдан бастап, азғантайға менсінбей қарамаған. Әр істі жүйелі және шыдамдылықпен атқарсаңыз, міндетті түрде жетістікке жетесіз! Ешкім бір түнде жетістікке жете алмайды: ыдыс суға толғандай кішкенеден бастап, талмай еңбек етсең, жетістікке жетесің.

       Ой нақты материалды. Біздің барлық өзіміздің көрінісіміз-Өзіміздің өзіміз туралы ойлағанымыздың қорытындысы. Егер адам жаман ниетпен ойлап іс істесе, ауру оның ізіне түседі, егер адам жақсы пиғылмен ойлап іс атқарса, бақыт оның артынан көлеңкесіне ұқсап, ұдайы қалмай жүреді. Сіздің санаңыз-ол өзіңізсіз. Сіз не ойласаңыз, сондай боласыз. «Адам-ми». Дұрыс өмір сүру үшін миымызды дұрыс ойлармен толтыруымыз қажет. Сіздің ойыңыз, іс-әрекетіңіздің анықтамасы,   сіздің іс-әрекетіңіз, нәтижеңізді анықтайды. Дұрыс ойлау сізге қажеттінің барлығын береді, ал о  бұрыс ойлау- ол түбіңе жететін зұлымдық. Егер сіз ойыңызды өзгертсеңіз, өміріңізді де өзгертесіз.

       Кешіре білу. Өшпенділік бұл өмірде ешуақытта өшпенділікті тоқтата алмайды. Оны тек сүйіспеншілік қана тоқтата алады. Кешіруді үйреніңіз, Тезірек кешіруді үйреніңіз!  Кешірілмегені үшін  түрмеге түскенді босатсаңыз, кешіруді үйреніңіз, өзіңіз де  ой түрмесінен босайсыз.

      Сіздің әрекетіңіздің мағынасы бар.  Егер бір істейтін ісіңіз болса,  оны шын көңілден істеңіз. Өркендеуіңіз үшін күнделікті пәрменді қимылдауыңыз керек. «Алла әр құсқа құрт-құмырсқа береді, бірақ, оны ұясына тастамайды»-Егер бір істі бастасаңыз, оған бар жаныңызды салыңыз.

      Түсінуге тырысыңыз.  Мына өмірді жақсарту үшін, әр уақытта қайрымдылықпен жауап беріңіз. Біреуді түсінуге тырысыңыз, содан кейін ғана сізді түсінетіндей болуға тырысыңыз.Айтуға оңай, істеуге қиын, басқа адамның көзқарасын  ұғыну үшін сіз бар күш-жігеріңізді салуыңыз керек. Егер ашуланғаныңызды сезінсеңіз, онда  ол туралы ұмытыңыз. Егер сіз жаныңызға тыныштық тапқыңыз келсе, онда басқаларды тыңдап, олардың көзқарасын түсініңіз.

Похожие статьи

    Өз ақыл, парасатыңызды басқарыңыз. Әрең ұстайтын, жеңілтек, кезкелген жерде сүрінетін ойыңызды ноқталау-ол игілік. Ноқталанған ой бақытқа жетелейді. Өзін-өзі жеңген жан,  кез-келген әміршіден күштірек. Өзін-өзі жеңу үшін, өзінің ойын жеңу керек. Өз ойыңызды өзіңіз қадағалауыңыз қажет. Олар теңіздің толқынындай буырқанбау керек. Сіз «мен ойымды тізгіндей алмаймын,  ол кез-келген уақытта келеді» деуіңіз мүмкін. Жауап: Сіз құстың үстіңізден ұшып кетуіне кедергі жасай алмайсыз, бірақ, басыңызға ұя салуға жол бермейсіз ғой!

       Үйлесімділікте өмір сүріңіз. Жеңіс жеккөрушілік әкеледі. Жеңгендер қасіретте өмір сүреді.  Жеңіс пен жеңілістен бас тартқандар мамыражай күн кешеді. Тек өз  жүрегіңізде болатынды сырттан іздемеңіз. Шындықтан қашу үшін, біз жиі сырттан қызықты  іздеп еліктейміз, Үйлесімділік деген ол- жаңа жұмыс, немесе машина, жаңа отбасы емес. Үйлесімділік-бұрыннан өз ішіңіздегі бар нәрсе.

      Риза болыңыз. Денсаулық- керемет сый. Қанағатшылдық- ең жақсы игілік. Әр уақытта бірдеңе үшін ризашылық жасауға болады.  Бүгін елдің барлығы төсегінен ояна алмады. Кеше біреу соңғы рет ұйқыға кетті. Біреулер күнделікті ауыр науқасымен күресуде. Өзіңіздегінің барына ризашылық білдіріңіз. Сіздің  қайрымды жүрегіңіз сізді биікке көтереді.

        Білгеніңізге сенімді болыңыз Мықты жартасты желұшырып әкете алмайтындай, даналар өсек пен мақтауға берілмейді. Біз көп білеміз, бірақ сол білгенімізді жасамаймыз. Егер сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз, бұл сіздің қандай қадам жасауды білмегендігіңізден емес, білгеніңізді жасамағаннан болған жайт .Өзіңізге шыншыл болыңыз. Қолыңыздан келетіннің бәрін жасаңыз.Не болса, сол  болсын.

      Бақытыңызбен бөлісіңіз. Мың шырақты жалғыз шырақпен жағуға болады, одан оның өмірі қысқарып қалмайды. Бақыт онымен бөліскенімен кеміп қалмайды. Бақыт кемімек тұрмақ, ұлғаяды. Сол себепті оны адамдардан жасырмаңыз, айналаңдағыларды қайрымдырақ ет.


Рабига Сыргабаева

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »